«Кәсіптік оқыту» бөлімі

«Кәсіптік оқыту» бөлімі

         «Кәсіптік оқыту» бөлімінде екі пәндік циклдық комиссия (ПЦК) жұмыс жасайды. «Жалпы білім беру» ПЦК және «Кәсіптік оқыту» ПЦК. Бұл бөлімде білікті де білімді ұстаздар білім беруде. Аталған бөлімде «Жалпы білім беру» ПЦК — да 18 оқытушы, соның 5-і жоғары санатты, 5-ы бірінші санатты, 4-і екінші санатты ұстаздар. «Кәсіптік оқыту» ПЦК – да 24 өндірістік оқыту шеберлері бар, соның 2 – і бірінші санатты, 16 – і екінші санатты. Бөлімнің оқытушылары қызметтерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланады, сабақтарында компьютерлік бағдарламаларды белсенді түрде қолданады.

         Бұл бөлімде жас маманның тұлға болып, түлектің заманауи әлеуметтік экономикалық жағдайға шығармашылық бағыт алған және көшбасшылық қасиеттерді бойына жинаған ерікті азамат болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жан-жақты қарастырылған. «Кәсіптік оқыту» бөлімінде 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»,  1201000 – «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1114000 – «Дәнекерлеу ісі» және 0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша 12 топта 260 студент бар. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 260, оның ішінде облыстық бюджет 50, Республикалық бюджет бойынша 210 студент білім алуда. Бөлімде студенттерден құралған 12 үйірме  жұмыс жасайды.

         Мамандықтар бойынша оқу аудиториялары, зертханалар, шеберханалар заманауи құрал – жабдықтармен, стендтермен, оқу әдістемелік құралдармен толық жабдықталған.

1114000 – «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 3 – дәнекерлеу цехы жұмыс жасайды.

1201000 – «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша  1 – вулканизатор цехы, 1 — дөңгелектерді теңеу цехы, 2 – подьемник, 1 – слесарлы цех, 1 – токарный цех жұмыс жасайды.

1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 40 тігін машинасымен жабдықталған цех жұмыс істейді.Тігіншіге қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған.

0901000 – «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша 1 – зертхана, 1 – шеберхана жұмыс істейді. 2 стационарлы стендпен, электрик мамандығына қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған.

         Өндірістегі технологиялық, диплом алды практикалар келісім – шарт негізінде әлеуметтік серіктестер базаларында өтеді. Олар: «Т.Рысқұлов автобус паркі» ЖШС «Мақұлбек», ЖШС, «Түлкібас электр торабы» кәсіпорны ЖК «Данияр авто», ЖК «Ибрагимов» т.б. Оқу орнын бітірген түлектердің біразы аталған мекемелерге жұмысқа орналасады, алған мамандықтары бойынша өздері жеке кәсіпкер ашып жұмыс жасайды.

         Колледжде жыл сайын «Үздік шебер» колледжішілік байқауы өткізіледі. Жеңімпаздар облыстық байқауға қатысады. 4 мамандық бойынша облыстық «World Skills» байқауына жыл сайын қатысады.