«Тағам өндірісі және Ветеринария» бөлімі

«Тағам өндірісі және Ветеринария»  бөлімінде «Арнайы пәндер»  циклдық комиссия (ПЦК) жұмыс жасайды.  Бүгінгі күні аталған бөлімге қарасты педагогтер арасында ҚР білім беру саласының үздіктері, Түркістан облысы Адами әлуетті дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы иегерлері қызмет атқаруда. Педагогтердің 60%-нан көбісі жоғары және бірінші санатқа ие, 20% ғылыми дәрежелі және магистрлар жұмыс жасайды. Колледж педагогтері республикалық, облыстық ғылыми семинарлар мен конференцияларға, сондай-ақ өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

             Бөлім педагогтері облыстық деңгейде «Үздік педагог», «Жыл әдіскері», Worldskills чемпионаты, инновациялық жобалар байқауларының жүлдегерлері болып табылады. Ұстаздардың  біліктілігін  көтеру  мақсатында  педагогтар  мен  өндірістік оқыту шеберле-рі  Республикалық  және  облыстық  мамандар  кәсібін  дамыту  институттарынан курстан өтіп, әдістемелік  семинарлар  мен  педагогикалық  оқулар  жыл  сайын  ұйымдастырылып тұрады.

Жас маманның тұлға болып, түлектің заманауи әлеуметтік экономикалық жағдайға шығармашылық бағыт алған және көшбасшылық қасиеттерді бойына жинаған ерікті азамат болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жан-жақты қарастырылған. Бөлімде  07211300«Тағам өндірісінің технологиясы», 08410100 – «Ветеринария»  мамандықтары бойынша 7 топта 140 студент бар.  Бөлімде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу барысында да инновациялық технологиялар жолға қойылып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттердің сапалы білім алуларына мүмкіндіктер жасалған. Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында бөлімнің тамақ өндіру лабораториясы, химия лабораториясы, лингафондық кабинеттер үнемі жетілдірілуде.