Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде Түлкібас ауданында орналасқан мектептердің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, мамандықты дұрыс таңдауымен, сапалы маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында колледждің кәсіби бағдар беру жұмыс топ жауапты мамандарының ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылының екінші жарты жылдығында Абай мектеп лицейі, Жанкент және Майлыкент атындағы жалпы орта мектептерінің 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, колледжде даярланатын мамандықтар туралы және бүгінгі қоғамдағы білім саласындағы жаңа өзгерістер туралы мағлұматтар берілді. Колледждегі мамандықтар бойынша жалпы түсінік беру және де оқушылар назарына оқу орнының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнематериалдар ұсынылып, бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуына ерекше зейін қойылды.
Кәсіби бағдар жұмысы
Кәсіби-бағыт-бағдар