Түлкібас агробизнес және саяхат колледж кітапханасы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 17 тамыз 2000 жылғы №827 бұйрығымен бекітілген бастауыш және орта арнаулы кәсіби білім ұйымдар кітапханасы туралы типтік ережеге сәйкес жұмыс істейді.
«ХХІ ғасыр – мәдениет,білім мен ғылым ғасыры,бар әлемнің қайнар көзі — кітапхана» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде атап өткендей, жас ұрпақты түрлі бағыттағы әдебиеттермен насихаттап, Отанға деген көзқарасы, олардың бойындаға ана тіліне деген сүйіспеншілігін кітап арқылы нығайту және сонымен қатар біз, өмір сүріп отырған «ХХІ ғасыр ғылым мен технологияның» ғарыштап дамыған ғасыры міне, сондықтан өсіп келе жатқан жастарды әлемдік ақпараттық ресурстарға қажеттілігін қамтамасыз ету қорды санымен емес,сапасымен,ақпараттық құндылығымен арттыру. Колледж кітапханасы бүгінгі таңда колледждің жетекші құрылымдық бөлімі ретінде өзінің бірегей көп салалы кітап қорымен, оқу – тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттары мен қамтамасыз етуші білім беру орталығы болып табылады.
Кітапхананың жұмыс істеу кестесі:
Дүйсенбі-Жұма сағат 9:00-ден, 17:00-ге дейін.
Сенбі – 9:00-ден, 14:00-ге дейін.
Кітапхана міндеті:
Қорды қалыптастыру оқу орнының профиліне және оқырмандардың ақпараттық қажеттілігіне сай жасалады.Колледждің оқу үдерісін әдебиетпен қамту; колледж оқырмандарына жедел кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, олардың түрлі бағыттағы қажеттілігін қанағаттандыру. Ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, кітапты, кітапхананы, ақпараттық ресурстарды тиімді қолдануға баулу.
Кітапхана қоры 63443 дананы құрайды. Оқулықтар 53331–дана, көркем әдебиет 3574–дана, оқу әдістемеліктер 1500– дана. Электронды оқу құралдары 365-дана. Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер, анықтамалық – библиографиялық құралдар, энциклопедиялар, сөздіктер, әртүрлі басылымдар, көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдардың үлкен көлемі. Кітапхана қоры «Фолиант», «Мектеп», «Академия — Медия», «Kazdidac» «NURPRESS» т.б баспалар арқылы толықтырылады.
Оқырмандарды еліміздегі, әлемдегі елеулі оқиғалар, даталы күндер, болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістермен дер кезінде таныстырып, ата заңымыз конституцияны,еліміздің рәміздерін,құқықтық мемлекетіміздің, халқымыздың тарихын, тілін, дәстүрлері туралы әдебиеттермен насихаттау үшін түрлі тақырыптарда кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер, бұрыштар, мерзімді басылым мақалаларынан тақырыптық папкалар, библиоргафиялық шолулар ұсыныстық тізімдер жасалған.
Колледж кітапханасы бірінші қабатта орналасқан, жалпы көлемі 500кв м, кітап қорын сақтау орны 250кв м. аумағын алады.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледж кітапхана меңгерушісі: Айтуғанова Жанат Мусилимовна
Абонемент
Абонемент оқырмандарды кітапханадан тыс жерлерде пайдалану үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапхана абонементінің атқаратын қызмет бағыттары:
– оқырмандарды тіркеу және қайта тіркеу үрдісін ұйымдастыру;
– оқытушыларға, студенттерге және колледж қызметкерлеріне тиімді, оңтайлы, жедел және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
– қорды қосымша толықтыру және оқырман сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында кітаппен қамтамасыз етілуін және оқылуын талдау;
– қанағаттандырылмаған сұраныспен және қарыз оқырмандармен жұмыс;
– оқырманға ақпарат таңдауда консультациялық көмек көрсету.
Оқу залы
Колледж студенттерінің білім алу барысында жан-жақты дайындалуына мүмкіндік береді. Оқу залдарының кітап қорында барлық сала бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдар жинақталған.
Оқу залының атқаратын қызмет бағыттары:
– пайдаланушыларға жеке және топтық кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
– ақпараттық ізденіс бойынша кеңестер беру;
– оқу залынан берілген құжаттарға бақылау жасау;
– анықтамалық-ақпараттық тапсырыстарды орындау;
– ашық көрмелік іс-шараларын өткізу.
Оқу залында оқытушылар мен оқушылар басылымдардың жаңалықтарымен танысып, реферат дайындап, кітапханашылардан кеңес алып отырады.
Мерзімді басылымдар
Кітапхана газет пен журналдардың 9 түріне жазылады, . Олар: «Егемен Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Рейтинг», «Өзін-өзі тану» «Самопанзание», «», «Шамшырақ», «Машат», «Қазақ білімі» және т.б.
Электрондық оқу залы
Кітапхана әлемдегі өзгерістер мен жоғары технологиялар жаңалығынан кітапханалары тысқары қалмауы тиіс. Сол себепті колледж кітапханасында 7 компьютер интернет желісіне қосылған және интерактивті тақта, ксерокс орнатылған. Колледж оқытушылары мен оқушылары өзінің қажетті құжаттарын, баяндамаларын, рефераттарын,лекцияларын интернет желісінен шығарып ала – алады. Электрондық оқу залында кітапхана оқырмандары электронды сөздіктерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, CD-ROM-дар мен DVD-да бар ақпараттарды пайдалануларына болады.
Сіздерге әрқашанда жаңа технологиялармен жұмыс істеуге кітапханашылар көмектерін көрсетуге дайын.
Элетрондық оқулықтар тізімі
№ |
Мамандық атауы |
Сілтемесі |
1 |
1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» |
https://cloud.mail.ru/public/oWbk/JBymMfdwr
|
2 |
1114000 «Дәнекерлеу ісі» |
https://cloud.mail.ru/public/tyTz/PNzkXvqpZ
|
3 |
1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» |
https://cloud.mail.ru/public/ewVr/9fjzCfUcb
|
4 |
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» |
https://cloud.mail.ru/public/1imx/aDjLiGx4Q
|
5 |
1513000 «Ветеринария» |
https://cloud.mail.ru/public/KJNt/puVuzk25E
|
6 |
0901000 «Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары» |
https://cloud.mail.ru/public/MJgp/CbUJddQGx
|
7 |
1202000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» |
https://cloud.mail.ru/public/oC5e/rRmbEr1Uz
|
8 |
1226000 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» |
https://cloud.mail.ru/public/pU3J/zJpXdLLMK
|
9 |
1509000 «Экология және т абиғатты қорғау қызметі» |
https://cloud.mail.ru/public/X2x9/to1YoC7rM
|
10 |
0511000 «Туризм» |
https://cloud.mail.ru/public/CERV/rh8NfYvmR
|
11 |
0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» |
https://cloud.mail.ru/public/buSw/KXTe4VCU7
|
12
|
1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» |
https://cloud.mail.ru/public/x1DS/XpRy3DuEg
|