ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ
Колледж тарихы
1963 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті және министрлер кеңесінің 19 шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес ҚазССР ауылшаруашылық министрлігі-нің № 164 бұйрығы бойынша «Ванновка ауылшаруашылығын механикаландыру» техникумы құрылды.
Техникум құрамында үш бөлім ашылды:
«Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Гидромелиорация», «Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру».
1966 жылы техникум Ауылшаруашылығы министрлігінің ҚазССР мелиорация және су шаруашылығы министрлігіне берілуіне байланысты «Ванновка гидромелиоративтік техникум» болып қайта құрылды.
1990 жылы ҚазССР мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің № 195 бұйрығы бойынша «Ванновка» агроөнеркәсіп техникумы болып аталды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлік комитетінің № 198 бұйрығы бойынша Ванновка агроөнеркәсіп техникумы Түлкібас жоғарғы колледжі болып өзгертілді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай № 1250 бұйрығы бойынша «Түлкібас жоғарғы колледжі» «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» болып өзгертілді.
Оқу орнында төмендегі азаматтар директор қызметін атқарған:
Бірінші директор қызметін атқарған Костюченко Михаил Николаевич. 1963-1970 жж
Екінші – Қалғынбаев Сәкімбек Шайықұлы 1970-1977, 1985-1989 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.
Алғабаев Әсілбек Ілейбайұлы 1977-1985 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.
Анашев Қаулаубек Анашұлы – 1989-2009 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.
Нысанов Габит Турсынбаевич – 2009-2015 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.
Адилбеков Сержан Жаксылыкулы 2016 жылдын 18 наурызынан бастап қазіргі уақытта Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.
Қазіргі таңда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі Қазақстан Республикасының білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта және кәсіптік білім беретін оқу орны.
Мемлекеттік сериясы АА № 0000291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген.
Колледждің материалдық-техникалық базасына келер болсақ, қазіргі заман талабына сай жабдықталған 2 оқу ғимараты, 2 оқу-өндірістік шеберхана, 400 орындық жатақхана, 300 орындық акт залы, 68 мың кітап қоры бар кітапхана, спорт залы, оқу кабинеттері: «Жалпы білім беру» ПЦК -14 оқу кабинеті, 1- зертханалық кабинеті, «Әлеуметтік – экономикалық пәндер» ПЦК — 14 оқу кабинеті, 2 – зертханалық кабинеті, «Кәсіптік техникалық пәндер» ПЦК — 11 оқу кабинеті, 4 — зертханалық кабинеті , «Арнайы пәндер» ПЦК — 13 оқу кабинеті, 4 – зертханалық кабинеті , «Кәсіптік оқыту» ПЦК — 7 оқу кабинеті, 3- оқу шеберхана, асхана, медициналық пункт жұмыс істеуде. Сапалы білім беру мақсатында оқу кабинеттері жаңа технологиялық оқу жабдықтарымен толықтырылуда: 10 интерактивті тақта, мультимедиялық проекторлар, 7 компьютер кластары, 120 компьютер оқу процесінде кеңінен қолданылуда. Саламатты өмір салтын ұстану мақсатында спорт алаңдарымыз, тренажер залымыз да өз қызметтерін ұсына алады.
Бүгінгі таңда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 102 оқытушы, 24 оқу өндірістік шеберлер табысты еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай тер төгіп келе жатыр. Олардың ішінде 15 жоғарғы санатты, 26 бірінші санатты, 30 екінші санатты оқытушылар, санаты жоқ оқытушылар саны 31, 4 — ғылым магистрлері.
Колледжде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу барысында да инновациялық технологиялар жолға қойылып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттердің сапалы білім алуларына мүмкіндіктер жасалған. Бұл мақсатта колледжіміз «Әлеуметтік серіктестік» жобасы бойынша бірнеше жұмыс беруші ұйымдармен келісім-шарт жасасқан. Атап айтқанда, «Майлыкент сүт» СТК, «Ережеп ата» мәдени-сауықтыру кешені, «Т.Рысқұлов автобус паркі» ЖШС, «Аудандық ветеринарлық қызмет» МКК, «Мақұлбек» ЖШС мекемелерімен келісім-шарт жасалып, аталған мекемелерде болашақ мамандарымыз теориялық білімдерін тәжірбие жүзінде пайдалануға машықтануда. Сонымен қатар ауданымыздағы басқа да 20-дан астам ЖШС, ЖК, ШҚ, АҚ –дармен де келісім-шарт жасалып, бірлесе маман дайындауда.
№ |
Мамандық коды |
Мамандық атауы |
1 |
1510000 151004 3 |
«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» Техник — механик |
2 |
1226000 122604 3 |
«Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» Техник — технолог |
3 |
1211000 121106 2 121103 2 |
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» Тігінші Тігінші |
4 |
0507000
050706 3 |
«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» Қызмет көрсетуші менеджер |
5 |
1509000 150903 3 |
«Экология және табиғатты қорғау қызметі» Техник-гидромелиоратор |
6 |
1513000 151306 3 |
«Ветеринария» Ветеринарлық-техник |
7 |
1202000
120206 3 |
«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» Техник |
8 |
1304000
130401 2
130404 3 |
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Электрондық есептеу машиналарының операторы Техник -бағдарламашы |
9 |
0901000
090101 2 090102 2
090103 2 |
«Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» Электромонтер (барлық атаулар) Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеу жөндеуші электр темірұстасы Күштік тораптар мен электр жабдықтарының электр құрастырушысы
|
10 |
1114000 111404 2 |
«Дәнекерлеу ісі» Электр газымен дәнекерлеуші |
11 |
1201000
120107 2 120109 2 |
«Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Автокөлікті жөндеу слесарі Көлікті жөндеу шебері |
12 |
0511000 051104 3 |
«Туризм» Менеджер |
13 |
1107000 |
«Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен темір жол көлігінде техникалық пайдалану» Техник- электромеханик |
14 |
0518000 051802 3 051803 3 |
«Есеп және аудит»(салалар бойынша) Бухгалтер-ревизор (Аудитор) Экономист-бухгалтер |