«НАУРЫЗ – ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ»
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде Түлкібас ауданында орналасқан мектептердің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, мамандықты дұрыс таңдауымен, сапалы маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында колледждің кәсіби бағдар беру жұмыс топ жауапты мамандарының ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылының екінші жарты жылдығында Абай мектеп лицейі, Жанкент және Майлыкент атындағы жалпы орта мектептерінің 9-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, колледжде даярланатын мамандықтар туралы және бүгінгі қоғамдағы білім саласындағы жаңа өзгерістер туралы мағлұматтар берілді. Колледждегі мамандықтар бойынша жалпы түсінік беру және де оқушылар назарына оқу орнының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнематериалдар ұсынылып, бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуына ерекше зейін қойылды.
08.09.2022ж.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде колледж ішкі тәртіп ережесі мен ата-ана міндеттемесін түсіндіру мақсатында 1 курс студенттерінің ата-аналарына жиналыс өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес АПБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны А.Байжанисова кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі, күндізгі уақытта жүру ережесін, ДОІЖО Л.Байсеитова колледж ішкі тәртіп ережесі мен ата-ана міндеттемесін, ДТІЖО Д.Усембаев «Бала тәрбиесінде – ата-ананың, мұғалімнің және қоғамның ынтымақтастығы» атты баяндама оқып, әлеуметтік педагог К.Серикбаева студенттерге көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы түсіндірді. Колледждің педагог – психологы А.Ботабаева «Баланың бас ұстазы ата – ана» психологиялық тренинг өткізді. Жиналыс соныңда ата-аналардың толғандырған сұрақтарына жауап берілді.
05.07.2022ж
13.06.2022ж
04.06.2022ж
2022 жылғы 31 мамыр – 3 маусым күндері аралығында «WorldSkills» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «WORLDSKILLS TURKISTAN- 2022» облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті.




27.05.2022ж
21.05.2022ж
15.05.2022ж
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысының Білім басқармасының дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен «Түркістан Ахмет Яссауи» кәсіби колледжінің базасында «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубының слеті болып өтті.
12.05.2022ж
29.04.2022ж
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 жарлығын насихаттау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің 25.04.2022 жылғы №17/1-09-1695 хатына сәйкес Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 28 сәуір күні Түркістан адалдық алаңының маманы Абуова Нұржахан колледж студенттерімен кездесу өткізді.
19.04.2022ж
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жиналысы өткізілді. Жиналысқа Түлкібас ауданының прокуратурасының прокуроры 2 сыныпты заңгер Б.Сапарбек, «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы М.Серікұлы «Түлкібас ауданының полиция бөлімі» ММ-нің АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Н.Еламанов колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
27.03.2022ж
Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, наурыздың 26-27 күндері Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткізілген спартакиадада колледжіміздің педагогтары Волейбол, Кіші футбол, Дойбы, Арқан тартыс ойындарына қатысып, дойбыдан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі педагогтары Жанақбаев Қуаныш пен Қожабекова Айгүл үздік нәтиже көрсетіп жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар спартакиадада үздік ойын көрсеткен ұстаздарымызға арнайы диплом табысталды.
5.04.2022ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Әдемі-ай» қыздар кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес «Ана, Келін, Бойжеткен» атты тақырыбында жатақхана тәрбиешісі М.Адилбекова жатақхана студент қыздарымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге жатақхана меңгерушісі қызметін атқарған зейнеткер Муратбекова Зылиха апайымыз қатысып, жасөспірім қыздарға өз кеңесін берді. Дөңгелек үстелдің мақсаты қызбалаларға адамгершілік, адалдық, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулы, тәрбиелеу болып табылады.
14.03.2022ж
Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаев Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының 03.03.2022жылы №59 бұйрығына сәйкес, «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтардың оқу процессінде пайдалану барысымен, колледжде құрылған құзыреттілік орталықтың жұмыс жоспарымен, колледж студенттерінің сабаққа қатысуын зерделеп және материалдық техникалық базасымен танысып, оқу тәрбие процесін жоғары деңгейде жандандыру бағытында ой пікірімен бөлісті.
02.03.2022ж
Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету мақсатында Түлкібас агробизнес және саяхат колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен облыстық адами әулетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығының «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Білім – инемен құдық қазғандай» тақырыбында кітапханаға саяхат көрмесі аудандық мектеп кітапханашыларының қатысуымен өткізілді
1.03.2022ж
1 Наурыз – Алғыс айту күні, мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алады. Қаһарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесін Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттік парламент ұйымының мүшелері колледждің кіреберіс фойесінде ұстаздарға алғыстарын білдірді. Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс–әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
17.02.2022ж
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Аға буын өкілдері жастарды Отанды құрметтеуге, қорғауға үндеді. Студенттер, ауған соғысының ардагерлері Виктор Викторович, Бүркітбаев Бауыржан ағаларымыздың әңгімелерін тыңдап өте жақсы әсер алды, сондай ак Отанымыз үшін жанын қиған ардагерлерімізге арнайы сыйлықтар табысталды.
17.02.2022ж
Ауғаныстан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай аудан аумағында өткізілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Түлкібас агробизнес және саяхат колледж студенттері Түлкібас аудан орталығындағы соғыс адрагерлер аллеясында ауған соғыс адрагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өткен іс-шараға қатысты. Жауынгер ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, соғыста бақилық болғандарға 1 минуттық үнсіздікпен еске алынып, құран бағышталды.
11.02.2022ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, колледж жатақханасында тұратын студенттерге колледж қызметкерлері мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясында азық-түлік берілді.
29.01.2022ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын МЕДИА ЖОСПАРҒА сәйкес ҚР Президентінің тапсырмалары туралы, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Усембаев колледж педагогтарына түсіндірме жұмысытарын жүргізді.
19.01.2022ж
08.12-21.12.2021жж. аралығында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің арнайы пән педагогтары және өндірістік оқыту шеберлері біліктілік арттыру бойынша «SENSYS Engineering»халықаралық транспорттық технологияларды жетілдіру және қолдау орталығыныңБизнес академиясында, онлайн форматта оқу-жаттығу курстарынан өтті. Бұл курс педагогикалық және білім беру қызметінде одан әрі қолдану үшін оқытудың заманауи құралдары мен жүйелерін қолдана отырып, оқу процесін басқаруды және іске асыруды ұйымдастыру бойынша білім мен дағдылардың бастапқы деңгейін қалыптастырады. Оқу-жаттығу курстарынан өткен педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері аталған тақырып бойынша колледжішілік семинар тренинг өткізді.
31.12.2021ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №576 қалулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды. Қысқы емтихан сессиясын өз білімімен тапсыру үшін және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында 1-4 курс студенттеріне әділдік принципіне бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
29.12.2021ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «ЖАС МАМАН» жобасы аясында өндірістік оқыту шеберлері Р.Буралхиев және Е.Амангелдиев 1201000 – «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен «BANCHETTO PROFI» — «Генераторды және стартерді тексеруге арналған стенд қондырғысының жұмыс істеу принципі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
25.12.2021ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік циклдік комиссиясы педагогтерінің «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты тарих пәндік апталығының іс-шара жоспарына сәйкес, тарих пәнінің педагогі А.Примбетованың ұйымдастыруымен «Егемен елдің еңсерген 30 жылы» тақырыбында интеллектуалдық сайысөткізілді. Сайысқа 1-курс студенттері қатысып өздерінің білімдерін ортаға салды. Сайыста оза шауып, алға шыққан ТӨ-111 тобының студенті Паттаев Марлен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды.
23.12.2021ж
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде педагог А.С.Калыбаеваның ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына байланысты»Желтоқсан құрбандары мәңгі есімізде» атты колледжаралық онлайн конференция өтті. Конференцияға Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі, Отырар ауданы, Д.Құрманбек атындағы №20 колледждерінің педагогтері мен студенттері қатысып, баяндамалар жасап, арнаулар арнады.
Елбaсы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтaн Нaзaрбaев өзінің «Елім менің» aтты толғaулaр жинaғы кітaбындa еліміздің жaстaры турaлы, олaрдың білімге деген құштaрлығы турaлы былaй дейді: «Бізде ел бaйлығы бaр. Ел бaйлығы деген не? Ол – ғылым мен білім, ол – жaңa технология, ол – осы зaмaнғы инфрaқұрылым, ол – экономикaны әртaрaптaндыру».
Кешегі Мaғжaндaрдың «Мен жaстaрғa сенемін» деген aмaнaтты сөзінің бүгінгі зaмaнғa сaй нұсқaсы іспеттес. Жaңa құндылықтaр мен зaмaнaуи технологиялaрдың өзaрa ұштaсуы бүгінгі буынның кемел келешекке деген aлғaшқы бaспaлдaқтaрының бірі. Қaзіргі тaңдa интеллектуaлды ұрпaқ тәрбиелеу жолындa елімізде түрлі сaлaлaр қолғa aлынып, жaстaрдың сaпaлы білім aлуынa жaғдaй жaсaлып келеді. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түлкібaс aгробизнес және сaяхaт колледжі» – облысымызғa өзінің білім сaпaсы мен ұстaздaрының біліктілігімен тaнымaл білім ордaсы.
Зaмaн көшіне ере жүретін оқу орыны бүгінде Қaзaқстaн Республикaсының білім стaндaртaры тaлaптaрынa сaй жaңa үлгідегі техникaлық-кәсіптік білім беретін оқу орындaрының сaнaтынa кіреді. Мемлекет тaрaпынaн жүргілізіп жaтқaн бaрлық бaғдaрлaмaлaрды студенттер тaрaпынaн тиімді әрі ұтымды қолдaнуғa тырысaды. Солaрдың бірі – «Жaс мaмaн» жобасы. Тұңғыш Президент, Елбaсы Нұрсұлтaн Нaзaрбaевтың 2019 жылғы Жaстaр жылының aшылу сaлтaнaтындa еліміздің жaстaрынa тaрту ретінде ұсынғaн жобасы бүгінде өз жемісін беріп келеді. Жобаның негізгі мaқсaты білікті маман даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы 180 колледж бен 20 ЖОО қайта жаңғыртуға бағытталған. Жоба тaлaптaрынa сaй білім ордaлaры іріктелініп aлынып, мемлекет тaрaпынaн қaржылaндырaды. Зaмaн тaлaбы мен уaқыт сұрaнысынa сaй мaмaндықты дaярлaу aрқылы «Түлкібaс aгробизнес және сaяхaт колледжі» 07161300-«Aвтомобиль көлігіне техникaлық қызмет көрсету, жөндеу және пaйдaлaну» мaмaндығының 3W07161301-«Aвтомобиль жөндеу слесaры» біліктілігі бойыншa «Жaс мaмaн» жобасының жеңімпaзы aтaнды. Ұстaздaрдың біліктілігі мен студент жaстaрдың ізденімпaздығы бір aрнaғa тоғысқaн сәт осындaй үлкен жетістікке жетелеп отыр.
Аталған мамандық бойынша студенттерімізден мынандай нәтижелер күтіледі: автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетудің негіздерін білу, автокөліктердің тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету үшін техникалық құрылғыларды пайдалану, автокөлікке бастапқы диагностиканы жүзеге асыру, автомобильдің электр жабдықтарының, автомобильдің электрмен жабдықтау жүйелерінің ақауларын, автомобиль электроникасының негіздерін айқындайды және автокөліктердің электрондық бортына қызмет көрсету. Aтaлғaн жобa нәтижесінде алынған бaрлық құрaл-жaбдықтaр тізімі WorldSkills стaндaрты мен сaлaлық бірлестіктер, «Aтaмекен» ҰКП және ірі кәсіпорындaр ұсыныстaры негізінде әзірленді. Aтaп aйтқaндa, құрaл – жaбдықтaр негізінде үш бірдей жaңa үлгідегі лaбaрaториялық aудиториялaр қaлыптaсты. Бұл aлынғaн зaмaнaуи құрaл-жaбдықтaрдa осы мaмaндық бойыншa Түркістaн облысынa қaрaсты колледждерден WorldSkills Kazakhstan чемпионaтынa қaтысушылaрғa дaйындық жұмыстaрын жүргізуге құзыреттілік ортaлық болaды. Колледжде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу бaрысындa дa инновaциялық технологиялaр жолғa қойылып, теория мен прaктикaны ұштaстырa отырып, студенттердің сaпaлы білім aлулaрынa мүмкіндіктер жaсaлғaн.
Жоғaрыдa aйтылғaн оқыту жүйесі әлемдік стaндaрттaрғa сaй дуaлды оқыту бaғытынa негізделген. Қaзіргі кезде әлемде оқытудың дуaлды жүйесі-техникaлық және кәсіптік мaмaндaр дaярлaудың ең тиімді жолдaрының бірі болып тaбылaды. Нaқты өндіріс жaғдaйлaрынa бейімделген, жұмыс орнындa дaғды мен білімді тікелей игеруге бaғыттaлғaн. Бүгінгі тaңдa еңбек нaрығындa жоғaры білікті мaмaндaр тaпшылығы ерекше орын aлудa. Қaлыптaсқaн жaғдaйдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдaстыру және жүйедегі мәселелер, яғни жaс мaмaнның бойынaн тaбылуғa тиісті тәжірибелік дaғды. Қaлыптaсқaн жaғдaйдa теория мен прaктикaның aрaсындaғы aлшaқтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге турa келеді, себебі білікті мaмaндaрмен қaмтaмaсыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндaй жaғдaйдa жaс мaмaндaрдың оқу үрдісінде aлғaн білімдерін жүзеге aсыру жоспaрлaнaтын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымшa оқу, тәжірибеден өту, қaйтa дaярлaу қaжеттілігі туындaйды. Бұл мaқсaттa колледжіміз «Әлеуметтік серіктестік» жобaсы бойыншa бірнеше жұмыс беруші ұйымдaрмен келісім-шaрт жaсaсқaн.
Болашаққа қажетті мамандарды даярлауда ұлттық интеллектті заман талабына сай білім беру саласына қосып отырмыз. Яғни, бізде білім алған студент колледж қабырғасына қамалып отырмайды, ауданымыздағы түрлі мекемелерде жүріп тәжірибе жинайды және түлек студенттер демонстрациялық емтихан тапсырады. Студент бiтiру емтиханын тапсыра отыра, халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiктiлiктi растайды. Бұл ретте колледж өзiнiң бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сапасын көбiрек әдiлдiкпен бағалай алады. Ал әлеуметтiк серiктестер түлектердiң кәсiптiк қызметiне көрнекi түрде көз жеткiзе алады. «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» өзінің 58 жылдық даму тарихында маңызды өзгерістерге қол жеткізді, жаңа тұрпатты білім ордасына айналды. Оқытушылар құрамы сандық, әрі сапалық жағынан өсті. Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп келеді. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Жастарымыздың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім. «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» бүгінгі буынға сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түрлі технологиялар мен еліміздегі жүзеге асырылып жатқан жобаларды ұтымды пайдалана білуді жарқын болашаққа деген нақты қадам деп білемін. Жыл өткен сайын білім беру сапасы мен технологиялық жабдықтар қатар жандану үстінде. 60 жылға жуық тарихы бар колледждің алдағы уақытта да заман талабына сай, дәуір тосқауылдарына төтеп бере алатын маман даярлайтынына сеніміміз мол.
16.11.2021ж
8.11.2021ж
5.11.2021ж
5.11.2021ж.
2021-2022 оқу жылындағы «Жас педагог» педагог мектебінің жылдық жоспарына сәйкес, «Жас педагог» мектебінің тыңдаушылары Темірәлі Нұржан мен Примбетова Ақеркенің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тірегі — Жас маман» тақырыбында танымдық іс-шара өз дәрежесінде өткізілді. Іс шараның мақсаты жаңа технологияларды қолдана отырып, халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды дайындау.
28.10.2021ж
12.10.2021ж
«Қызмет көрсету және туризм» саласы бойынша «Туризм» құзіреттілік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің арнайы пән педагогі Сахибеденова Ж. 0507000-«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенттерімен облыстық онлайн ашық сабақ «Қонақтарды орналастыру орындары» атты тақырыпта қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру пәнінен өткізілді. Сабақта сыни ойлау элементтерімен проблемалық оқытудың педагогикалық технологиясы қолданылды және қонақ үйдегі кездесетін әртүрлі жағдаяттар шешілді. Онлайн ашық сабаққа «ZOOM» әлеуметтік желісі арқылы ООҚТ «Мирас» колледжі, М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледждерінің арнайы пән педагогтері қатысып, сабақты жоғары дәрежеде бағалады.
18.09.2021ж
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021ж. 25 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі 2021-2022 оқу жылында еліміздегі болып жатқан карантиндік жағдайларға байланысты, COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-профилактикалық талапты қатаң сақтай отырып, колледж педагогтарын, қызметкерлерін,білім алушыларды және ата-аналарды термометрия мен “ASHYQ” бағдарламасы арқылы өткізіп, жұмыс жүргізілуде
01.06.2021 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен 20 сәуір мен 26 мамыр аралығында мұқтаж отбасыларға көмектесу мақсатында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға колледж қызметкерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері және ауданымыздың кәсіпкер азаматтары демеушілік жасады. Акция кезінде түскен қаражатқа колледжде оқитын көп балалы, мұқтаж отбасыдан шыққан 21 студенттің отбасына азық-түлік берілді.
28.04.2021 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің жас маманы, тарих пәнінің педагогі А.Примбетова ТР-011 тобымен «Мұстафа Кемал Ататүрік-Түрік Мемлекетінің негізін қалаушы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Педагог сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін және IT технологияларын қолданды. Жас маман болса да А.Примбетова өзінің педагогикалық шеберлігін көрсетіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын оята білді.
26.04.2021ж.
07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 20.04.2021жылы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің арнайы пән педагогы Балсаидов Нурлан және өндірістік оқыту шебері Қозтаев Талғатпен бірлесе отырып 2020-2021 оқу жылының ІІ – жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында, өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Мультимарочный сканер «FCAR F3-G»тақырыбында ашық онлайн сабағын өтті. Осы тақырып бойынша ЖА – 832 тобының студенттері теориялық білімін Балсаидов Нурлан көрсетіп, іс-тәжірибелік сабағын өндірістік оқыту шебері Қозтаев Талғат сабақта ерекше шеберлігін көрсеті
20.04 2021 ж. Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің туризм мамандығының педагогтері Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен Сайрам – Өгем мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің мамандарымен «Парктер шеруі — 2021» табиғатты қорғау акциясы аясында бірлескен іс – шара өткізді. Іс – шараға «Туризм» мамандығының ТР-831, ТР-921 топтарының студенттері қатысты. Ақсу – Жабағылы қорығы мен Сайрам – Өгем паркі туралы толық түсіндіріліп, студенттер қызықты ақпаратқа қанық болды. Іс-шара барысында «Сайрам – Өгем» МТҰП атынан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне «Алғыс хат» табысталды
13.04.2021жылы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің арнайы пән педагогы Темірәлі Нұржан Әділұлы 2020-2021 оқу жылының ІІ- жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Барлық түрдегі беріліс қорабындағы майды жууға және өзгертуге арналған S-Drive 5000 қондырғысының жұмыс принциптерімен таныстыру» тақырыбында онлайн форматта ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты- студенттерге қазіргі заман талабындағы қондырғыларды меңгеріп, арнайы пәннен білімдерін жоғарлату.
21.04.2021ж «Nur Otan» партиясы іс-шаралар жоспарына сәйкес Түлкібас агобизнес және саяхат колледжінде «Ғылым және технология» тақырыбында ZOOM платформасы алқылы конференция өтті. Конференцияны ДТЖЖО Д.Усембаев ашып «Ғылым және технология» тұрғысында өзекті мәселелерді айқындап ашып берді. Сырлыбай Ермұрат және Жанабек Диана өз баяндамаларында қазіргі замандағы жаңа заманауи IT жүйелерімен таныстырып, инновациялық даму жолын айттып өтті. Конференция соңын ЖІЖК Ергеш Әміржан ғылым мен технология егіз ұғым екендігін түсіндіріп, өз сөзін қорытындылады.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің «Жас педагог» мектебі жоспарына сәйкес 17.04.2021 жылы ғылым магистры А.Шарипов пен информатика пәнінен өндірістік оқыту шебері Р.Тогайбеков жас мамандарға “CLIL технологиясын сабақта қолдану ерекшеліктері” тақырыбында кіріктірілген шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта CLIL технологиясын қалай қолдану барысы түсіндірілді. Осы әдіс бойынша педагогтар студенттердің сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын, білімін арттыра алатындарына сенім білдірді.
16.04.2021 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттері арасында «Оқытушы стденттің көзімен» атты тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты студент пен оқытушы арасындағы кері байланысты нығайту.Студенттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап-тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің студенттер үшін қаншалықты ықпалды болатындығын белгілі жүйе келтіріп оларды күнделікті тәлім-тәрбие істерінің тәжірбиесінде өндіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша көңіл бөлу керек болады. Сондай-ақ колледж қабырғасындағы қоғамдық жұмыстарға деген студенттердің белсенділігін көтеру.
16.04.2021 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекесіне орай Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлына155 жыл толуына орай, сәуір айының 14 күні «Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы» атты бейнероликпен студенттер онлайн түрде танысты. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы- ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға
16.04.2021 жыл
07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 27.03.2021жылы Түлкібас агробизнес жәнесаяхатколледжініңарнайы пән педагогы Амангельдиев Ернар Ергазиевич 2020-2021 оқу жылының ІІ – жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында, өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес,«Автомобильдөңгелектерініңбұрыштарынорнату және қалпынакелтіру»тақырыбында ашық онлайн сабағын өтті. Осы тақырып бойынша ЖА – 832 тобының студенттері теориялық білімін іс жүзінде, тәжірибелік сабақта ерекше шеберліктерін көрсете алды. «Түлкібас автобус паркі» ЖШС-нің әлеуметтік серіктестігінің өкілі АндреевАлександр Юрьевичпен автомобиль дөңгелектерінің бұрыштарын орнату, өлшеу және реттеу жұмыстары бойынша білімімен бөлісті.
«Жас маман» бағдарламасы мамандықтарыңызға берілген үлкен мүмкіндік екендігі айтылып, толық меңгеру керек деді А.Андреев.
16.04.2021 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны «Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай» Түлкібас агробизнес және саяхат колледж студенттері арасында «Әлем мойындаған күш атасы» атты тақырыпта бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Іс-шараға байланысты колледждің топ кураторлары бірыңғай тәрбие сағатын онлайын және офлайын форматта өткізді. Тәрбие сағатына барлығы 25-топ, 245 студент қатысты.
Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың – Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері
мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған
топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына
тұңғыш ілген батыр. Балуан бабамыздың жеткен жетістіктері мен алған асуларын студенттерге
таныстыру арқылы патриоттық тәлім-тәрбие берілді.
Қажымұхан Мұңайтпасовқа 150жыл
10.12.2020 жыл
10.12.2020 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндік циклдік комиссиясының «Тәуелсіздіктің тура жолы білімде» атты тарих пәндік апталығы аясында 10.12.2020 ж. колледж педагогі А.Калыбаева әлемнің Екінші Ұстазы атанған ғұлама ғалым әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Мыңжылдықта бір туар тұлға» атты бейнекөрінісін ұсынады.
NUR OTAN» партиясы саяси кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздыға №001 қаулысымен «NUR OTAN» партиясының прамеризін өткізу ережесін таныстырды. 17 тамызбен 3 қазан аралығында ауданымызда прамериз өтуде. Бюре мүшесі Досанұлы Дәурен төралығымен «АГРО» БҰ-ның мүшелерімен «NUR OTAN» партиясының кандидаттарының кездесуі өтті. Келесі сөз кезегін аумақтық ұйымдастыру комиссиясының бекітілген ережесіне сәйкес, алфавит тәртібімен өз бағдарламаларымен таныстыру үшін кандидаттарға сөз берілді.Үгіт барысында кандидаттар партия мүшелеріне нақты елді мекендердің проблемаларын кәсіби қызметіне сәйкес,шешудің көзқарастарымен таныстырады.
Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерді, қазіргі бейбіт заманда қашықтықтан білім алып жатқан колледж студенттерінің жадында мәңгі сақталмақ. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ЖЕҢІСКҮНІ75ЖЫЛ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ
Қашықтықтан оқыту кезінде колледжде айтулы мерекелер, маңызды шараларды атап өту тоқтамастан, жалғасын табуда. Осы орайда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тарих пәнінің оқытушылары данышпан ойшыл, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жылдығын атап өтуге өз үлестерін қосуда. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 1150 ЖЫЛ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Әркім қолынан келгенін жасап, көмектесуге әзір. Аман болайық, колледж ата-аналарының атынан ақын Ақберген Елгезектің "Мінәжәт" өлеңін ұсынамыз. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #АҚБЕРГЕН ЕЛГЕЗЕК "МІНӘЖӘТ" өлеңі #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ
1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі. Бұл мейрам - сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен 130-дан аса ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын мерекеге орай колледж студенттері достығы мен ырысы тасыған барша қазақ елін мерекемен құттықтады.
В#бізбіргеміз
#бізүйдеміз
#қашықтықтаноқу
#Түркістаноблысы
#Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты колледж студенттері қашықтықтан білім алуда, студенттеріміздің ата аналары қашықтықтан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына шексіз алғыстарын білдірді.#БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#
Қашықтықтан оқу кезіндегі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тәрбие іс-шаралар жоспарына сәйкес "Студент өмірінің бір күні" атты флешмоб ұйымдастырылды. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ҚАШЫҚТЫҚТАНОҚУ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ЕТ-821 тобынын студенттері ұстаздарына деген шексіз құрметі мен сағынышын білдіруде.Қай заманда болсын, ұстаздарға деген құрмет жоғары, ұстаздықтың шоқтығы биік екені белгілі. Ұстазға ілтипат таныту- адамгершіліктің ілгері басуының бір қадамы.
Абай атамыздың өлең шумақтарында айтқандай
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға. Ұстазға құрмет көрсету- білімге құрмет көрсету. Білім алып жатқан оқу ордасын құрметтеп, ұстаздарын қадір тұтқан, жылы лебіздері, айтқан алғыстары-өзгенің бақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын Ұстаздарға деген зор құрметтің белгісі.
Колледж қабырғасына қайта оралғыларыңыз келетінін біз білеміз. Бұл үшін сізге тек біраз уақыт: - үйде қалу, - үйде оқу, - ең бастысы: карантин ережелерін бұзбау қажет. Бұл ережелерді ұстанып, үйден шықпай жүргендеріңізге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының» 1-курс студенттері жасаған бейне-челленджі дәлел.
#БІЗБІРГЕМІЗ
#БІЗҮЙДЕМІЗ
#ҚАШЫҚТЫҚТАНОҚУ
#ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#
Абай Құнанбайұлы 175 жыл мерейтойы
«Алты алаштың баласы бас қосса төр – мұғалімдікі», алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев ұстазға осылай баға берген. Болашақ ұрпақты, ертеңгі елді қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерекше. Осы орайда қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы А.Қожабекова елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты және Абай Құнанбаевтың 175 жылыдығына орай қашықтықтан Абай өлеңдерімен бөлісті.
ВЕліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Осыған орай үстіміздегі жылдың атаулы даталары мен маңызды тəрбиелік іс-шараларда онлайн форматында өтілетін болады. Биыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл. Осы атаулы датаға орай білім ошағының оқытушылары студенттерге қашықтықтан "Абай оқулары" іс-шарасын ұйымдастырды.
#БІЗҮЙДЕМІЗ
#БІЗБІРГЕМІЗ
Жемқорлыққа қарсы тұру бұл еліміздегі басты мәселелердің бірі. Осы орайда Қазақстанның жалынды жастары жемқорлыққа қарсымыз ұранымен бір-біріне эстафета жолдауда. Бұл эстафета аясында оқу ордамыздың студенттері де тыс қалмай, өздерінің қарсы екендерін жеткізді. Яғни Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ЖТ-911 1-курс студенті, Әділхан Айгерім өз арнауын ұсынды.
«Көктем аруы-2020»
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында колледжішілік «Көктем аруы-2020» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан аруларымыз:
1. ТР-821 тобының студенті Куватбаева Мөлдір
2. ТӨ-911тобының студенті Маулан Алтынай
3. ЕТ-821тобының студенті Рустем Ақсауле
4. ЖТ-911тобының студенті Сейфуллақызы Алтынай–аталған студенттер төмендегі кезеңдер бойынша бақтарын сынады.
1-кезең. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады.
2-кезең. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-кезең. «Анамның сүйікті асы»қатысушы аруларымыз өз қолдарынан шыққан ұлттық ас мәзірлерінің құрамын және қалай дайындағанын түсіндіреді.
4-кезең. «Білімді мыңды жығар» яғни сіздерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінен әртүрлі сұрақтар беріледі.
Әр кезеңнің арасында әділ қазылар алқасының бағалауымен бағаланып, жүлделі орындарға ие болған студенттер:
1. 100 ұпаймен «Көктем аруы-2020» номинациясын жеңіп алған ЕТ-821 тобының студенті Рүстем Ақсауле.
2. 92 ұпаймен «Инабатты ару» номинациясын алған Куватбаева Мөлдір ТР-821 тобының студенті.
3. 84 ұпаймен «Өнерлі ару» номинациясын алған Маулан Алтынай ТӨ-911 тобының студенті.
4. 73 ұпаймен «Сымбатты ару» номинациясын алған Сейфуллақызы Алтынай ЖТ-911 тобының студенті.
Жоғары да аталған байқауға қатысушы аруларымызды колледж директоры С.Адилбековтың мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
30.01.2020 жыл
Колледжішілік дәстүрлі «Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» атты спартакиада
2020 жылғы 28 қаңтар күні Жанкент спорт кешенінде білім ордасы оқытушыларының қатысуымен колледжішілік дәстүрлі «Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» атты спартакиада өтті.
Мәдени шараны Түлкібас агробизнес және саяхат колледж директоры С.Адилбеков құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Білім ордасының басшысы дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жолындағы жасалып жатқан іс-шаралардың әкімшілік тарапынан қашанда қолдау табатынын баса айтты. Одан кейін сөз кезегі Спартакиаданы ұйымдастырушы Қ.Аяпбергеновке беріліп, ол сайсқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырды.
«Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» ұранын ұстанған колледж оқытушылары биылғы оқу жылы барысында осындай маңызды да пайдасы зор шаралардың бірқатарын өткізбекші болып жоспарлап отыр.
Спартакиаданың мақсаты:
1. Оқытушылар мен қызметкерлер арасында дене шынықтыру және спортты дәріптеу;
2. Спорттың ойын және қолданбалы түрлерін дәріптеу;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұқаралық ойын түрлерін дамыту;
4. Салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
5. Колледж қызметкерлері арасында қарым қатынасты нығайту, спортты дамыту
Спартакиадаға колледж оқытушылары мен қызметкерлерінен ішінен құрылған командалар, спорттың 6 түрінен бақтарын сынады.
Олар:
Кіші футбол, Арқан тарту, Волейбол, Тоғызқұмалақ, Шахмат, Кір тасы сияқты спорт түрлерінен сынға түті. Атап айтар болсақ
1-ші орынды «Жалпы білім беру» ПЦК төрағасы Л.Байсейтова
2-ші орынды «Әлеуметтік-экономикалық » ПЦК төрағасы Ф.Эшанкулова
3-ші орынды «Арнайы пәндер» ПЦК төрағасы Р.Нармаганбетова, «Кәсіптік оқыту» ПЦК төрағасы Н.Джумагулов Сондай-ақ үздік ойыншы атанып, колледж директоры С.Адилбековтың мадақтама қағаздарымен марапатталған оқытушылар:
М.Таскентбаев–кір тасы
Т. Қозтаев–арқан тарту
М. Күнжігітова–волейбол
И. Алишев–шахмат
Н. Исмайлов–футбол
И. Худайберген–футбол
Г. Абишева–тоғыз құмалақ
А. Утегенов–теннис
28.11.2019 жыл
«Пара-нәсіп болмайды»
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Д.Досанұлының төрағалығымен «Түлкібас-Ата» мешітінің бас иманы М.Серікпен «Пара-нәсіп болмайды» атты тақырыпта жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбиені нығайту бағытында колледж студентерімен кездесу ұйымдастырылды.
05.06.2019 жыл
ЖАНАШЫРЛЫҚҚА-ЖАН РИЗА!
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 13-30 мамыр күндері аралығында «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өтті Акцияның басты мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Қайырымдылық акциясы аясында қол ұшын беріп көмек көрсетуге әрдайым дайын жүретін жандардың бірі: Қамқоршылық кеңес төрағасы, Т.Рысқұлов автопаркінің директоры Сексенбаев Қалмахан Мамытбекұлы, жеке кәсіпкер Маматаев Әуес Рысқұлбекұлы, Түлкібас аудандық мемлекеттік архив қызметкері Тұртаев Біржан Болатович, «Ақ- Бұлақ» шипажайының қызметкері, ата-ана Осантаева Айсұлу және колледж әкімшілігі мен қызметкерлері демеушілік жасап, әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсетті. Колледж студенттері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жүрекке әсер беретін, болашақ жастарға үлгі болатын қойылымдар көрсетіліп, жиналған қауымның көңілдерінен орын ала білді. Акциядан түскен қаржыға әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің отбасыларына азық-түлік түрінде берілді.
Бүгінгі – ұрпақ Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек акцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж басшысы С.Адилбековке, демеушілерге және қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Колледж бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан шын жүректен жасаған жомарттықтарыңыз үшін мың алғыс!
03.06.2019 жыл
«Ішкі туризмді дамыту» тақырыбында оқыту семинары
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі базасында Түркістан облысының білім басқармасы 2018 жылғы 24 қазандағы № 283 бұйрығымен құрылған құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ішкі туризмді дамыту» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарға Түркістан облысы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Назарбеков.Р, Түркістан облысы әдістемелік орталықтың ТжКБ бөлімінің басшысы Калиева.Н және колледждің әлеуметтік серіктестері: «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Менлибеков.А, «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жуманова.Э, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Қарақұлов С, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түлкібас филиалының Туризм және рекреация инженері Керімбаев.Т, «ВЭПЭСОТ» ЖК және Түлкібас аудандық ұстаз жолының төрағасы Искаков.М, «Замир» қоғамдық бірлестігінің президенті Егенбердиев.Р және Түркістан облысы білім басқармасына қарасты колледждегі «Туризм» арнайы пән оқытушылары мен студенттері қатысты. Cонымен қатар семинардың 2-бөлімінде «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Балықты елді мекенінде орналасқан Қарабастау көлінің демалыс аумағында «Спорттық туризмді дамыту» тақырыбында таныстыру, палатка құру, рюкзак құпиялары, бивуак, арқан бойымен жылжу, алғашқы медициналық көмек сайыстары бойынша колледжаралық жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1-орын ООЭТ “МИРАС” колледжі, 2-орын Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, 3-орын М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарын өз дәрежесіне сәйкес, колледж директоры С.Адилбеков құттықтап, мадақтама қағазымен марапаттады.
14.05.2019 жыл
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттері арасында жаппай «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында бірыңғай тәрбиелік мақсатта іс-шара өтті. Академиялық адалдық — жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы болып табылады. Жобаның басты мақсаты – жағымды моральдік қасиеттер, ішкі парасаттылық және адалдыққа тәрбиелеу арқылы жалпы сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оның көріністеріне қарсы күшті қалыптастыру болып табылады. Кездесу соңында колледж директоры С.Адилбеков «Өзіміз тәрбиелеп отырған жас ұрпаққа осы қасиеттерді «рухани азық» қылып үйретсек, біз ештеңеден ұтылмаймыз» — деп қорытындылады.
06.05.2019 жыл
«ЕШКІМДЕ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»
9-мамыр Жеңіс күні және 7-мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Ешкімде де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған бұл мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында колледж директоры С.Адилбеков ұжымды және студенттерді айтулы мерекемен құттықтады. Студенттердің «Жеңіс күні» мерекесіне арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көріністер қойылды.
29.04.2019 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде сәуір айының 25-26-шы күндері Түлкібас ауданында орналасқан мектептердің бітіруші сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға М.В.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы, А.С.Пушкин және Б.Садыков атындағы жалпы орта мектептерінің бітіруші сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушыларына колледж тарихынан сыр шертетін тарихи бейнероликтер мен колледждің жетістіктері көрсетілді. Кәсіптік білімнің жаңа заманда сұранысқа ие болып келе жатқандығы туралы айтылып, заман талабын қанағаттандыратын маман иесі болуды армандайтын жастарға бағыт-бағдар көрсетіліп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берілді. Колледжіміздің заманауи жабдықталған оқу-кабинеттері мен спорт залы, техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңартылған мазмұнда білім беру үрдісі келушілерге ерекше әсер қалдырды.
08.03.2019 жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Колледж директоры С.Адилбеков барша нәзік жанды аруларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік іс-шарада колелдж студенттері оқытушыларға өлең шумақтары мен әсем әндерін арнады.
«Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігі
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі «Арнайы пәндер» циклдік комиссиясының ветеринария мамандығының оқытушылары «Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігі ұйымдастырды. «Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігінде оқытушы С.Шариповтың ұйымдастыруымен «Мамандық тынысы» атты тақырыпта бейнеролик 1 курс студенттеріне, оқытушы А.Шалқаров «Ветеринария мамандығының ауыл шаруашылығындағы орны» атты 2,3 курс студенттер арасында дебат пікірталас ойыны, арнайы пән оқытушылары «Қуат» шаруа қожалығы қосалқы шаруашылығында ұсақ малдарға,ірі қара мал,жылқы түліктерін жалпы клиникалық тексеру (температура өлшеу, қарау бақылау, аускультация, перкусия, пальпация) әдістерін үйретті, оқытушы А.Бишеев «Жұқпалы ауруды балау» атты тақырыбында 3 курс студенттеріне «Індеттану микробиологиясы» пәнінен ашық сабақ өткізді. Әлеуметтік серіктестіктермен «Түлкібас ауданының ветеринарлық қызметі» мекемесінде 1-курс студенттермен «Саяхат сабағы» өткізілді. Жас маман тақырыбында аудандық ветеринарлық қызмет көрсету мекемесінде қызмет істеп жатқан колледждің түлегі Е.Пайзулламен кездесу өткізілді.Негізгі мақсат студенттерді ветеринария мамандығына ынталандыру ветеринария станциясының жұмысымен таныстыру. Оқытушы Б.Байдилдаеваның ұйымдастыруымен Індеттану микробиологиясы және ІЖАКД пәндерінен 2,3 курс студенттер арасында «Ғажайып алаң» ойыны ойнатылды. Оқытушы А.Курпеева «Мүйізді ірі қара шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы,биологиялық ерекшеліктері» атты тақырыбында 2 курс студенттеріне «Мал шаруашылығы» пәнінен ашық сабақ өткізді.