«Гуманитарлық және техникалық» бөлімінде 1202000-«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»,1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»,0507000-«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»,0511000-«Туризм (салалар бойынша)», 151000-«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша 13 топта 285 студент бар. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 285 оның ішінде облыстық бюджет 238, республикалық бюджет бойынша 47 студент білім алуда. Бөлімде 12 үйірме жұмыс жасайды.
Мамандықтар бойынша оқу аудиториялары, зертханалар,шеберханалар заманауи құрал-жабдықтармен, стендтермен, оқу әдістемелік құралдармен толық жабдықталған.
Өндірістік технологиялық, диплом алды практикалар келісім-шарт негізінде әлеуметтік серіктестер базаларында өтеді. Олар: «Т.Рысқұлов автобус паркі», ЖК «АРЗАН ТАКСИ» , ЖШС «Мақұлбек», «Түркістан облысының статистика департаментінің Түлкібас ауданының статистика басқармасы» , «Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасы Түлкібас аудандық филиалы», Түлкібас ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы», «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Түлкібас филиалы т.б. Оқу орнын бітірген түлектердің біразы аталған мекемелерге жұмысқа орналасады, алған мамандықтары бойынша өздері жеке кәсіпкер ашып жұмыс жасайды.