«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК»
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурстің өтетін орны және уақыты:Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, О.Сейдалиев көшесі №3
«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК төмендегідей оқытушылар және өндірістік оқыту шеберілері қажет:
- «Қонақ үй бизнесі» мамандығына оқытушы 528 сағ. — 157 000тг;
- «Туризм» мамандығына оқытушы 580 сағ. — 172 500тг;
- «Туризм» мамандығына өндірістік оқыту шебері 576 сағ.-171 300тг;
- «Туризм» мамандығына өндірістік оқыту шебері 576 сағ. — 171 300тг;
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.
Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.
Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады.
Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды.
Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді.
Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.
Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.
Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.
Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді.
Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,
басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,
баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы,
Т.Рысқұлов ауылы,
О.Сейдалиев көшесі №3
БАЙЛАНЫС ТЕЛ:
8 (725 38) 52 478
8 (725 38) 52 872
What’sApp:+7775 087 11 45
Кадр бөлімінің меңгерушісі: Айбекова Жания Алтынбековна
КАДР БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:
дүйсенбі-жұма – 08:30-17:30
сенбі-жексенбі демалыс