Басты бет

КОЛЛЕДЖДЕ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ағымдағы жылдың 25 маусым күні Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде ҚР БжҒМ-нің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес, 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде 2022-2023 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!
*06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
*07211300 – Тағам өндірісінің технологиясы
*08410100- Ветеринария
*10130100 — Қонақ үй бизнесі
*10150100 — Туризм.
*10410300– Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
*07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
*07150500- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша).
*07130100 — Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
*07161300– Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар тапсыру керек:
1. Білім жөніндегі құжат (түпнұсқа)
2. ТУУ туралы куәлік және ЖСН көшірмесі
3. 075 – У үлгідегі дәрігерлік анықтама
4. Көлемі (3х4) 4-дана фотосурет
Колледж мекен жайы: 161300, Түркістан облысы,
Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, О. Сейдалиев көшесі № 3-үй.
Байланыс сымтетіктері: 5–24–78,
+77751319393

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕДІ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері соңғы үлгідегі құралдармен еркін жұмыс істей алады. Себебі білім ордалары «Жас маман» жобасы арқылы тың серпін алып отыр. Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздің барлық аймақтарында игі бастама қарқынды жүзеге асуда.

«Жас маман» жобасымен тың серпін алған білім ұясының бірі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі.Ол инновациялық үлгіде білім беретін және өз ісінің болашақ мамандарын даярлайтын мекеме. Колледж Түркістан облысы бойынша бәсекеге қабілетті мекемелердің бірі және бүгінде заманауи технологиялық жабдықтармен қамтылған білім ордасы.

Сержан Адилбеков — Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры

 «Жас маман» жобасы техникалық және кәсіптік білім саласындағы бірегей және маңызды жоба болып табылады. Жоба заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және білікті маман даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы 180 колледж бен 20 ЖОО қайта жаңғыртуға бағытталған. 120100-«Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Барлық құрал-жабдықтар тізімі Worldskills стандарты мен салалық бірлестіктер, «Атамекен» ҰКП және ірі кәсіпорындар (100 сұранысқа ие мамандықтар бағыты бойынша) ұсыныстары негізінде әзірленді.

Алынған жабдықтар колледжде жұмыс атқару қызметтеріне  және энергиялық қажеттілік ерекшеліктеріне қарай топтастыру жүргізілді. Нәтижесінде, құрал-жабдықтар негізінде үш бірдей жаңа үлгідегі лабораториялық кластар мен бірнеше шеберханалар қалыптасқан. Бұл жобаға қосылған мамандық бойынша арнайы технология, электротехника және еңбек қорғау кабинеттері жасақталған.  Студенттер заманауи технологиялық өндірістік сала  және механизмдер мен машиналардың электр құрылғылары жөнінде терең білім ала алады.

Мұхамет Естабиев  — Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің  студенті

коледжімізге жас маман бағдардамасы аясында

Колледжіміздің алға қойған  мақсаты – Қазақстанның коммуникативтік-ақпарат жағдайында техникалық және кәсіптік білім саласындағы саңлағы атану. Түлектерге бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ететін озық технологияларға негізделген жаңа тәжірибені қалыптастырып және оны дамыту.