Жаңалықтар

Елбaсы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтaн Нaзaрбaев өзінің «Елім менің» aтты толғaулaр жинaғы кітaбындa еліміздің жaстaры турaлы, олaрдың білімге деген құштaрлығы турaлы былaй дейді: «Бізде ел бaйлығы бaр. Ел бaйлығы деген не? Ол – ғылым мен білім, ол – жaңa технология, ол – осы зaмaнғы инфрaқұрылым, ол – экономикaны әртaрaптaндыру». 

 

Кешегі Мaғжaндaрдың «Мен жaстaрғa сенемін» деген aмaнaтты сөзінің бүгінгі зaмaнғa сaй нұсқaсы іспеттес. Жaңa құндылықтaр мен зaмaнaуи технологиялaрдың өзaрa ұштaсуы бүгінгі буынның кемел келешекке деген aлғaшқы бaспaлдaқтaрының бірі. Қaзіргі тaңдa интеллектуaлды ұрпaқ тәрбиелеу жолындa елімізде түрлі сaлaлaр қолғa aлынып, жaстaрдың сaпaлы білім aлуынa жaғдaй жaсaлып келеді. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түлкібaс aгробизнес және сaяхaт колледжі» – облысымызғa өзінің білім сaпaсы мен ұстaздaрының біліктілігімен тaнымaл білім ордaсы. 

Зaмaн көшіне ере жүретін оқу орыны бүгінде Қaзaқстaн Республикaсының білім стaндaртaры тaлaптaрынa сaй жaңa үлгідегі техникaлық-кәсіптік білім беретін оқу орындaрының сaнaтынa кіреді. Мемлекет тaрaпынaн жүргілізіп жaтқaн бaрлық бaғдaрлaмaлaрды студенттер тaрaпынaн тиімді әрі ұтымды қолдaнуғa тырысaды. Солaрдың бірі – «Жaс мaмaн» жобасы. Тұңғыш Президент, Елбaсы Нұрсұлтaн Нaзaрбaевтың 2019 жылғы Жaстaр жылының aшылу сaлтaнaтындa еліміздің жaстaрынa тaрту ретінде ұсынғaн жобасы бүгінде өз жемісін беріп келеді. Жобаның негізгі мaқсaты білікті маман даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу арқылы 180 колледж бен 20 ЖОО қайта жаңғыртуға бағытталған. Жоба тaлaптaрынa сaй білім ордaлaры іріктелініп aлынып, мемлекет тaрaпынaн қaржылaндырaды. Зaмaн тaлaбы мен уaқыт сұрaнысынa сaй мaмaндықты дaярлaу aрқылы «Түлкібaс aгробизнес және сaяхaт колледжі» 07161300-«Aвтомобиль көлігіне техникaлық қызмет көрсету, жөндеу және пaйдaлaну» мaмaндығының 3W07161301-«Aвтомобиль жөндеу слесaры» біліктілігі бойыншa «Жaс мaмaн» жобасының жеңімпaзы aтaнды. Ұстaздaрдың біліктілігі мен студент жaстaрдың ізденімпaздығы бір aрнaғa тоғысқaн сәт осындaй үлкен жетістікке жетелеп отыр. 

Аталған мамандық бойынша студенттерімізден мынандай нәтижелер күтіледі: автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетудің негіздерін білу, автокөліктердің тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету үшін техникалық құрылғыларды пайдалану, автокөлікке бастапқы диагностиканы жүзеге асыру, автомобильдің электр жабдықтарының, автомобильдің электрмен жабдықтау жүйелерінің ақауларын, автомобиль электроникасының негіздерін айқындайды және автокөліктердің электрондық бортына қызмет көрсету. Aтaлғaн жобa нәтижесінде алынған бaрлық құрaл-жaбдықтaр тізімі WorldSkills стaндaрты мен сaлaлық бірлестіктер, «Aтaмекен» ҰКП және ірі кәсіпорындaр ұсыныстaры негізінде әзірленді. Aтaп aйтқaндa, құрaл – жaбдықтaр негізінде үш бірдей жaңa үлгідегі лaбaрaториялық aудиториялaр қaлыптaсты. Бұл aлынғaн зaмaнaуи құрaл-жaбдықтaрдa осы мaмaндық бойыншa Түркістaн облысынa қaрaсты колледждерден WorldSkills Kazakhstan чемпионaтынa қaтысушылaрғa дaйындық жұмыстaрын жүргізуге құзыреттілік ортaлық болaды. Колледжде студенттерді оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу бaрысындa дa инновaциялық технологиялaр жолғa қойылып, теория мен прaктикaны ұштaстырa отырып, студенттердің сaпaлы білім aлулaрынa мүмкіндіктер жaсaлғaн. 

Жоғaрыдa aйтылғaн оқыту жүйесі әлемдік стaндaрттaрғa сaй дуaлды оқыту бaғытынa негізделген. Қaзіргі кезде әлемде оқытудың дуaлды жүйесі-техникaлық және кәсіптік мaмaндaр дaярлaудың ең тиімді жолдaрының бірі болып тaбылaды. Нaқты өндіріс жaғдaйлaрынa бейімделген, жұмыс орнындa дaғды мен білімді тікелей игеруге бaғыттaлғaн. Бүгінгі тaңдa еңбек нaрығындa жоғaры білікті мaмaндaр тaпшылығы ерекше орын aлудa. Қaлыптaсқaн жaғдaйдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдaстыру және жүйедегі мәселелер, яғни жaс мaмaнның бойынaн тaбылуғa тиісті тәжірибелік дaғды. Қaлыптaсқaн жaғдaйдa теория мен прaктикaның aрaсындaғы aлшaқтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге турa келеді, себебі білікті мaмaндaрмен қaмтaмaсыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндaй жaғдaйдa жaс мaмaндaрдың оқу үрдісінде aлғaн білімдерін жүзеге aсыру жоспaрлaнaтын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымшa оқу, тәжірибеден өту, қaйтa дaярлaу қaжеттілігі туындaйды. Бұл мaқсaттa колледжіміз «Әлеуметтік серіктестік» жобaсы бойыншa бірнеше жұмыс беруші ұйымдaрмен келісім-шaрт жaсaсқaн. 

Болашаққа қажетті мамандарды даярлауда ұлттық интеллектті заман талабына сай білім беру саласына қосып отырмыз. Яғни, бізде білім алған студент колледж қабырғасына қамалып отырмайды, ауданымыздағы түрлі мекемелерде жүріп тәжірибе жинайды және түлек студенттер демонстрациялық емтихан тапсырады. Студент бiтiру емтиханын тапсыра отыра, халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiктiлiктi растайды. Бұл ретте колледж өзiнiң бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сапасын көбiрек әдiлдiкпен бағалай алады. Ал әлеуметтiк серiктестер түлектердiң кәсiптiк қызметiне көрнекi түрде көз жеткiзе алады. «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» өзінің 58 жылдық даму тарихында маңызды өзгерістерге қол жеткізді, жаңа тұрпатты білім ордасына айналды. Оқытушылар құрамы сандық, әрі сапалық жағынан өсті. Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материал­дық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп келеді. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады.  Жастарымыздың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім. «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» бүгінгі буынға сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түрлі технологиялар мен еліміздегі жүзеге асырылып жатқан жобаларды ұтымды пайдалана білуді жарқын болашаққа деген нақты қадам деп білемін. Жыл өткен сайын білім беру сапасы мен технологиялық жабдықтар қатар жандану үстінде. 60 жылға жуық тарихы бар колледждің алдағы уақытта да заман талабына сай, дәуір тосқауылдарына төтеп бере алатын маман даярлайтынына сеніміміз мол.

 

 

 

 

Жас маман жобасы іске асырылуда
Инновациялық үлгіде білім беретін, заманауи жаңа технологиялық жабдықтармен қамтылған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында берілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жас Маман» жобасы аясында “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығы бойынша жұмыс жасауда.
Түлкібас өңірінің Азиядағы ЮНЕСКО-ның биосфера өңірі дәрежесін алған ең алғашқы өңір екендігін басты назарда ұстап, көлік құралдарының зиянда қалдықтарын атмосфераға шығу себептерін диагностикалау, қалпына келтіру аспаптарымен жоба аясында білім алушылар оқу-жаттығу жұмыстарын меңгеруде.
Түркістан облысы бойынша Жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды зерделеу мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобымен «Талап» КЕАҚ бас маманы Э.Бекташовпен бірге Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы ТжКБ бөлімінің бас маманы Р.Нәлжігітова атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты

16.11.2021ж

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің АПБ ЮПТ келісілген жоспарына сәйкес 1 курс студенттерімен «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты студенттерге қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру.
АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты О.Қабылбеков жасөспірімдердің қылмысқа барудың үш себебін ашып түсіндіріп өтті. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстың алдын-алу әлдеқайда жақсы деген пікірмен колледж педагог-психологі А.Ботабаева студенттерге ситуациялық сұрақтар қойып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақалмен сөзін аяқтады.

8.11.2021ж

      Адам сүйікті ісіне жан-тәнімен беріліп, оған өзінің барлық күш-жігерін жұмсаған кезде марапат пен сый-құрмет оны өзі іздеп табады. С.Ж.Адилбеков өзінің іскерлігімен, ізденімпаздығымен, жауаптылығымен ұжымын алға жетелеп келе жатқан білікті басшы. Ол басшылық жасап жатқаннан бері колледжіміз елеулі жетістіктерге жете алды. Сержан Жақсылықұлы өз әріптестерінен жоғарғы біліктілікті, шығармашылық ізденісті, ұйымшылдықты талап ете отырып, ынтымақты, өзара татулық орнаған, кәсіби деңгейі жоғары ұжымды қалыптастыра алды.
2021-2022 оқу жылының Ұстаздар мерекесі қарсаңында колледж директоры Сержан Жақсылықұлы Адилбеков «Түркістан облысы білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен «Білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сержан Жақсылықұлын мәртебелі марапатымен құттықтап, еңбекте жеміс, шығармашылық табыс, кәсіби өркендеу тілейміз!

5.11.2021ж

          Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 30-қазан күні Түркістан қаласындағы А.Яссауи кәсіби колледжінде «Бұл – біздің Қазақстан!» атты тақырыпта колледж студенттері арасындағы шағын футбол турнирі ұйымдастырылды.
Облыстық турнирге 29 колледж қатысып, колледжіміздің студенттері жүлделі 2-орынды иеленіп, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды және де 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Нестеренко Владислав көрсеткен шеберлігі үшін «Үздік ойыншы» деп танылып арнайы дипломмен марапатталды. Колледжіміздің директоры С.Адилбеков студенттерді мақтау қағазымен марапаттап және де алдағы уақытта жақсы нәтиже күтетінін атап өтті.

5.11.2021ж.

  2021-2022 оқу жылындағы «Жас педагог» педагог мектебінің жылдық жоспарына сәйкес, «Жас педагог» мектебінің тыңдаушылары Темірәлі Нұржан мен Примбетова Ақеркенің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің тірегі — Жас маман» тақырыбында танымдық іс-шара өз дәрежесінде өткізілді. Іс шараның мақсаты жаңа технологияларды қолдана отырып, халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды дайындау.

28.10.2021ж
      ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында 2021 жылдың 19 қазан күні 1 курс студенттерінің қатысуымен колледж кітапханасында әдеби оқу кеші өтті. Баяндама барысында Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығы жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі, екінші онжылдығы қазақ елінің керегесін кеңейту, ал үшінші онжылдық шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналған кезеңі болса, алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу деп атап өтті тарих пәнінің педагогі А.Абсеметова. Әдеби оқу кешіне қатысқан студенттер баяндаманы талқылауда «Білім қоржыны» әдісі арқылы викториналық сұрақтарға нақты, дәлелді жауап берді.
Мақсатымыз Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау, 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктерін атай отырып, студенттерді Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

28.10.2021ж

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі МКҚК өндірістік оқыту шеберлері: Ж.Үсенов, М.Миркадиров кәсіпкерлік қызметі негіздері пәнінің оқытушысы А.Керимкулова «Жас маман» бағдарламасы аясында жабдықталған оқу шеберханасында 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының білім алушыларына кіріктірілген шеберлік сабағын өткізді.
POWERDUCTION 160LG индукциялық қыздыру қондырғысымен, автокөліктің тотыққа ұшыраған бұрандаларын қыздыру арқылы шешу, жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ЖА-931 топ студенттерімен өндірістік оқыту шеберлері Ж.Үсенов пен М.Миркадировтің басқаруымен өткізілді. Болашақ мамандарға өз таңдауына деген жауапкершілікті дарыту және кәсіпкерлік ойлау қабілетін жақсарту мақсатында, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру бағыттары берілді.

   12.10.2021ж   

      «Қызмет көрсету және туризм» саласы бойынша «Туризм» құзіреттілік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің арнайы пән педагогі Сахибеденова Ж. 0507000-«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенттерімен облыстық онлайн ашық сабақ «Қонақтарды орналастыру орындары» атты тақырыпта қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру пәнінен өткізілді. Сабақта сыни ойлау элементтерімен проблемалық оқытудың педагогикалық технологиясы қолданылды және қонақ үйдегі кездесетін әртүрлі жағдаяттар шешілді. Онлайн ашық сабаққа «ZOOM» әлеуметтік желісі арқылы ООҚТ «Мирас» колледжі, М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледждерінің арнайы пән педагогтері қатысып, сабақты жоғары дәрежеде бағалады.

11.10.2021ж.
 
      Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты физика, математика пән апталығы жоспарына сәйкес физика пәнінің педагогы Ж.Ергеш ТӨ-931 тобымен «Ұстаз-ұлы тұлға!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Ашық тәрбие сағаттаның мақсаты,Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, ата-ана,ұстаз және студент арасындағы байланысты нығайту және де Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасап, студенттерді Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

20.09.2021ж.
 
 
         ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан халқының Тәуелсіздіктің 30 жылында тарихи аренаға кіру жолдары» тақырыбында педагогтар мен студенттердің қатысуымен колледж кітапханасында конференция өтті.
«Қазақстан халқының Тәуелсіздіктің 30 жылында тарихи аренаға кіру жолдары» тақырыбында педагог-ұйымдастырушы А. Утегенов баяндама жасады. Конференцияға қатысқан студенттер баяндаманы талқылауға белсенді қатысты. Тарихи аренаға Қазақстан халқы жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясат субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.
Мақсаты: педагогтар мен студенттерге Қазақстан халқының өткені мен қазіргісі және болашағы туралы айтып, жас ұрпақты отан сүйгіштікке — патриоттыққа тәрбиелеу.

 18.09.2021ж

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021ж. 25 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі 2021-2022 оқу жылында еліміздегі болып жатқан карантиндік жағдайларға байланысты, COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-профилактикалық талапты қатаң сақтай отырып, колледж педагогтарын, қызметкерлерін,білім алушыларды және ата-аналарды термометрия мен “ASHYQ” бағдарламасы арқылы өткізіп, жұмыс жүргізілуде

 

01.06.2021 жыл

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен 20 сәуір мен 26 мамыр аралығында мұқтаж отбасыларға көмектесу мақсатында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға колледж қызметкерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері және ауданымыздың кәсіпкер азаматтары демеушілік жасады. Акция кезінде түскен қаражатқа колледжде оқитын көп балалы, мұқтаж отбасыдан шыққан 21 студенттің отбасына азық-түлік берілді.

                                                             

                                                 

                                                                        

                                                      

                                                                                             

06.05.2021жыл 
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын меркелеуге арналған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ел қорғайтын мен болам» атты тақырыпта АӘД және «Дене тәрбиесі пәндері» ПЦК-ның 19.04.2021ж.-26.04.2021жыл аралығында апталық іс-шара өтті. Іс-шараға байланысты ашылу салтанатына бейнероликтер көрсетілді, 2-і күні тоғызқұмалақтан студенттер арасында жеке сайыс , 3-і күні үстел теннисінен студенттер арасында колледж біріншілігі, 4-і күні кіші футболдан 1-курс топтар арасында жарыс, 5-і күні «Ел қорғайтын мен болам» атты тақырыбында ЖТ-011тобы студенттерімен АӘД пәні бойынша арнайы сабақ өткізіліп, бейнероликтер көрсетіліп соңында АК-74 автоматын шашып жинау бойынша сайыс өткізілген.
Апталықтың соңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын меркелеуге арналған апталық іс-шараның қортындысы шығарылып колледж директоры С.Адилбеков пен ПЦК төрағасы К.Аяпбергенов жарыс жеңімпаздарынарнайы дипломммен және мақтау қағаздармен марапаттады. Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру.

                                   

                                                      

29.04.2021жыл
Әлеуметтік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» — деп Міржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі білімді- ұрпақ, кәсіби деңгейі жоғары жас маман. Тәуелсіз Қазақстанның өреңі, еліміздің ертеңі, жастардың кемел келешегіне бағдар беріп, жұмысшы мамандыққа бейімделуіне кәсіптік және техникалық білім ордасынан білім алуы елдің болашағы үшін аса маңызды.
Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша 2021-2022 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!
*07161600 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру.
*07211300 – Тағам өндірісінің технологиясы.
*07230100- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу.
*10130100 — Қонақ үй бизнесі.
*07321400 — Гидротехникалық мелиорация.
*08410100 – Ветеринария.
*10410300 – Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
*07150500- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша).
*07161300 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
*06130100– Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
*07130100- Электр жабдықтары(түрлері және салалары бойынша)
*10150100 – Туризм
Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар тапсыру керек:
1. Білім жөніндегі құжат (түпнұсқа)
2. ТУУ туралы куәлік көшірмесі
3. 086 – У үлгідегі дәрігерлік анықтама
4. Көлемі (3х4) 4 дана фотосурет
Колледж мекен жайы: 161300, Түркістан облысы,
Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, О. Сейдалиев көшесі № 3-үй.
Байланыс сымтетіктері: 5–24–78,
+77751319393

 

26.04.2021 жылы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тарих пән педагогі А. Н. Абсеметова жеке жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты» тақырыбында ашық сабақ өтті.
*Мақсаты*: Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін «көші-қон», «эмиграция», «иммиграция», «репатриант», «диаспора», «ирридента» ұғымдарын пайдалану және студенттер өз ойларын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізуді үйрету.

                                                                      

                           

28.04.2021 жыл

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің жас маманы, тарих пәнінің педагогі А.Примбетова ТР-011 тобымен «Мұстафа Кемал Ататүрік-Түрік Мемлекетінің негізін қалаушы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Педагог сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтерін және IT технологияларын қолданды. Жас маман болса да А.Примбетова өзінің педагогикалық шеберлігін көрсетіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын оята білді.

26.04.2021жыл
Түлкібас агробизнес және саяхат колледж кітапханасында кітапхана меңгерушісі Жанат Айтуғанованың ұйымдастыруымен «Алаш Арысы» Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай көрме дайындалды.
Көрменің мақсаты студенттерге елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялысы Алаш арысы, Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығы, өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі, тұлғаның аты ғана қалың бұқара халықты рухтандыратын, оның атқарып кеткен ісі, бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятуға және ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттің жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесін келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізу.

                                

26.04.2021ж.

07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 20.04.2021жылы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің арнайы пән педагогы Балсаидов Нурлан және өндірістік оқыту шебері Қозтаев Талғатпен бірлесе отырып 2020-2021 оқу жылының ІІ – жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында, өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Мультимарочный сканер «FCAR F3-G»тақырыбында ашық онлайн сабағын өтті. Осы тақырып бойынша ЖА – 832 тобының студенттері теориялық білімін Балсаидов Нурлан көрсетіп, іс-тәжірибелік сабағын өндірістік оқыту шебері Қозтаев Талғат сабақта ерекше шеберлігін көрсеті

                                                   

20.04 2021 ж. 
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» Жыл кітаптарын бірге оқиық!
2021 жылы, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Түлкібас агробизнес және саяхат колледж кітапханасында «Ғасырда бір туатын дара тұлға» Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала»,»Лұқпан хакім»
әңгімелері таңдалды.
Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, осындай тәрбиелік мәні бар акция арқылы студенттеді әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата – анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге, мазмұны терең, тілі көркем әңгімелері арқылы студенттердің өй – өрісін дамыту.

                             

20.04 2021 ж. Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің туризм мамандығының педагогтері Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы мен Сайрам – Өгем мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің мамандарымен «Парктер шеруі — 2021» табиғатты қорғау акциясы аясында бірлескен іс – шара өткізді. Іс – шараға «Туризм» мамандығының ТР-831, ТР-921 топтарының студенттері қатысты. Ақсу – Жабағылы қорығы мен Сайрам – Өгем паркі туралы толық түсіндіріліп, студенттер қызықты ақпаратқа қанық болды. Іс-шара барысында «Сайрам – Өгем» МТҰП атынан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжіне «Алғыс хат» табысталды

13.04.2021жылы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің арнайы пән педагогы Темірәлі Нұржан Әділұлы 2020-2021 оқу жылының ІІ- жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Барлық түрдегі беріліс қорабындағы майды жууға және өзгертуге арналған S-Drive 5000 қондырғысының жұмыс принциптерімен таныстыру» тақырыбында онлайн форматта ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты- студенттерге қазіргі заман талабындағы қондырғыларды меңгеріп, арнайы пәннен білімдерін жоғарлату.

21.04.2021ж «Nur Otan» партиясы іс-шаралар жоспарына сәйкес Түлкібас агобизнес және саяхат колледжінде «Ғылым және технология» тақырыбында ZOOM платформасы алқылы конференция өтті. Конференцияны ДТЖЖО Д.Усембаев ашып «Ғылым және технология» тұрғысында өзекті мәселелерді айқындап ашып берді. Сырлыбай Ермұрат және Жанабек Диана өз баяндамаларында қазіргі замандағы жаңа заманауи IT жүйелерімен таныстырып, инновациялық даму жолын айттып өтті. Конференция соңын ЖІЖК Ергеш Әміржан ғылым мен технология егіз ұғым екендігін түсіндіріп, өз сөзін қорытындылады.

                    

20.04.2021 жыл
 
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын меркелеуге арналған Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттер арасында қазақ халқының ұлы ақыны, Жамбыл Жабаевқа 175жыл толуына орай «Халық поэзиясының бәйтерегі» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті.
Іс-шараға байланысты офлайын форматта ЖТ-011 тобының студенттері қатысты.
Байқауда Жамбыл Жабаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында шығарма жазылды. Студенттер жыршылық өнердің асқан шебері, ұлы даланың алып жыршысы атанған суырып салма ақынның шығармаларына тәнті болып, белсенділігі мен ынталарын білдірді.
ЖТ-011 тобы студенттері қатысқан байқауда 1-ші жүлделі орынды 100 балл алған Өмірзақ Балжан, 2-ші жүлделі орынды 99-балл алған Уринбаева Динара, 3-ші орынды 94-бал алған Жумабек Жайна және 95-бал алған Мырзағали Аружан иеленді. Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, оның өлең шумақтары, дастандары және суырып салма айтыс өнері туралы студенттер шығармаларында былай деген: атамыз халық үшін бәріне дайын тұлға, оның поэзиялары адамға шабыт беретін ерекше қасиетке ие, өнері үнемі заңғар биіктерде самғайды, алға жетелейді.

     

 

19.04.2021 жыл
 

 Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің «Жас педагог» мектебі жоспарына сәйкес 17.04.2021 жылы ғылым магистры А.Шарипов пен информатика пәнінен өндірістік оқыту шебері Р.Тогайбеков жас мамандарға “CLIL технологиясын сабақта қолдану ерекшеліктері” тақырыбында кіріктірілген шеберлік сынып өткізді. Шеберлік сыныпта CLIL технологиясын қалай қолдану барысы түсіндірілді. Осы әдіс бойынша педагогтар студенттердің сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын, білімін арттыра алатындарына сенім білдірді.

 

16.04.2021 жыл  

Түлкібас  агробизнес  және  саяхат  колледжі  студенттері  арасында  «Оқытушы стденттің көзімен» атты  тақырыпта  сауалнама  жүргізілді.  Сауалнама  мақсаты  студент  пен  оқытушы  арасындағы  кері  байланысты  нығайту.Студенттер өз  ұстаздарының бойынан  көңілдеріне  қонымды  талап-тілектеріне  лайықты  ұнамды  қасиеттерді  көргісі  келеді.  Осы орайда ұстаздың бойындағы  сапалар  мен   қасиеттердің  студенттер үшін қаншалықты  ықпалды  болатындығын  белгілі  жүйе  келтіріп  оларды күнделікті  тәлім-тәрбие  істерінің  тәжірбиесінде  өндіріп  отырудың маңызды  екендігіне  айрықша  көңіл  бөлу керек болады. Сондай-ақ колледж  қабырғасындағы  қоғамдық  жұмыстарға  деген студенттердің  белсенділігін  көтеру. 

 

16.04.2021 жыл 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30  жылдығын мерекесіне орай                                    Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлына155 жыл толуына орай, сәуір айының 14 күні  «Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы» атты бейнероликпен студенттер онлайн түрде танысты. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы- ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға

 

 

 

16.04.2021 жыл 

07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 27.03.2021жылы Түлкібас агробизнес жәнесаяхатколледжініңарнайы пән педагогы Амангельдиев Ернар Ергазиевич 2020-2021 оқу жылының ІІ – жарты жылдығында «Жас маман» бағдарламасы аясында, өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес,«Автомобильдөңгелектерініңбұрыштарынорнату және қалпынакелтіру»тақырыбында ашық онлайн сабағын өтті. Осы тақырып бойынша ЖА – 832 тобының студенттері теориялық білімін іс жүзінде, тәжірибелік сабақта ерекше шеберліктерін көрсете алды. «Түлкібас автобус паркі»  ЖШС-нің әлеуметтік серіктестігінің өкілі АндреевАлександр Юрьевичпен автомобиль дөңгелектерінің бұрыштарын орнату, өлшеу және реттеу жұмыстары бойынша білімімен бөлісті.

«Жас маман» бағдарламасы  мамандықтарыңызға берілген үлкен мүмкіндік екендігі айтылып, толық меңгеру керек деді А.Андреев. 

 

 16.04.2021 жыл 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында   қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны «Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай» Түлкібас агробизнес және саяхат колледж студенттері арасында «Әлем мойындаған күш атасы» атты тақырыпта бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Іс-шараға байланысты колледждің топ кураторлары бірыңғай тәрбие сағатын онлайын және офлайын форматта өткізді. Тәрбие сағатына барлығы 25-топ, 245 студент қатысты.

    Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздың – Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері  

    мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған

    топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына

    тұңғыш ілген батыр. Балуан бабамыздың жеткен жетістіктері мен алған асуларын студенттерге   

    таныстыру арқылы  патриоттық тәлім-тәрбие берілді.

               

 

 

                Қажымұхан  Мұңайтпасовқа 150жыл

 

 

       

 

 

 

10.12.2020 жыл

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде желтоқсан айының
07.12.2020ж.-12.12.2020ж. аралығында әлеуметтік-экономикалық пәндік циклдік комиссиясының тарих пәні педагогтерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің тура жолы білімде» атты пәндік апталық өтуде. Апталық аясында 09.12.2020 ж. күні тарих пәні оқытушысы А.Примбетова А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты бейнекөрініс дайындап, назарға ұсынды.

10.12.2020 жыл

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндік циклдік комиссиясының «Тәуелсіздіктің тура жолы білімде» атты тарих пәндік апталығы аясында 10.12.2020 ж. колледж педагогі А.Калыбаева әлемнің Екінші Ұстазы атанған ғұлама ғалым әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Мыңжылдықта бір туар тұлға» атты бейнекөрінісін ұсынады.

 

NUR OTAN» партиясы саяси кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздыға №001 қаулысымен «NUR OTAN» партиясының прамеризін өткізу ережесін таныстырды. 17 тамызбен 3 қазан аралығында ауданымызда прамериз өтуде. Бюре мүшесі Досанұлы Дәурен төралығымен «АГРО» БҰ-ның мүшелерімен «NUR OTAN» партиясының кандидаттарының кездесуі өтті. Келесі сөз кезегін аумақтық ұйымдастыру комиссиясының бекітілген ережесіне сәйкес, алфавит тәртібімен өз бағдарламаларымен таныстыру үшін кандидаттарға сөз берілді.Үгіт барысында кандидаттар партия мүшелеріне нақты елді мекендердің проблемаларын кәсіби қызметіне сәйкес,шешудің көзқарастарымен таныстырады.

 

 

Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл соғыс кездегі Кеңес Одағының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерді, қазіргі бейбіт заманда қашықтықтан білім алып жатқан колледж студенттерінің жадында мәңгі сақталмақ. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ЖЕҢІСКҮНІ75ЖЫЛ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ

Қашықтықтан оқыту кезінде колледжде айтулы мерекелер, маңызды шараларды атап өту тоқтамастан, жалғасын табуда. Осы орайда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тарих пәнінің оқытушылары данышпан ойшыл, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1150 жылдығын атап өтуге өз үлестерін қосуда. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 1150 ЖЫЛ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы ешкімді бейжай қалдырмағаны анық. Әркім қолынан келгенін жасап, көмектесуге әзір. Аман болайық, колледж ата-аналарының атынан ақын Ақберген Елгезектің "Мінәжәт" өлеңін ұсынамыз. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #АҚБЕРГЕН ЕЛГЕЗЕК "МІНӘЖӘТ" өлеңі #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ

1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі. Бұл мейрам - сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен 130-дан аса ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын мерекеге орай колледж студенттері достығы мен ырысы тасыған барша қазақ елін мерекемен құттықтады.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты колледж студенттері қашықтықтан білім алуда, студенттеріміздің ата аналары қашықтықтан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына шексіз алғыстарын білдірді.#БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#

Қашықтықтан оқу кезіндегі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тәрбие іс-шаралар жоспарына сәйкес "Студент өмірінің бір күні" атты флешмоб ұйымдастырылды. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ #ҚАШЫҚТЫҚТАНОҚУ #ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ЕТ-821 тобынын студенттері ұстаздарына деген шексіз құрметі мен сағынышын білдіруде.Қай заманда болсын, ұстаздарға деген құрмет жоғары, ұстаздықтың шоқтығы биік екені белгілі. Ұстазға ілтипат таныту- адамгершіліктің ілгері басуының бір қадамы.
Абай атамыздың өлең шумақтарында айтқандай
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға. Ұстазға құрмет көрсету- білімге құрмет көрсету. Білім алып жатқан оқу ордасын құрметтеп, ұстаздарын қадір тұтқан, жылы лебіздері, айтқан алғыстары-өзгенің бақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын Ұстаздарға деген зор құрметтің белгісі.

Колледж қабырғасына қайта оралғыларыңыз келетінін біз білеміз. Бұл үшін сізге тек біраз уақыт: - үйде қалу, - үйде оқу, - ең бастысы: карантин ережелерін бұзбау қажет. Бұл ережелерді ұстанып, үйден шықпай жүргендеріңізге «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының» 1-курс студенттері жасаған бейне-челленджі дәлел.
#БІЗБІРГЕМІЗ
#БІЗҮЙДЕМІЗ
#ҚАШЫҚТЫҚТАНОҚУ
#ТҮЛКІБАС АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ САЯХАТ КОЛЛЕДЖІ#

Абай Құнанбайұлы 175 жыл мерейтойы
«Алты алаштың баласы бас қосса төр – мұғалімдікі», алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев ұстазға осылай баға берген. Болашақ ұрпақты, ертеңгі елді қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерекше. Осы орайда қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы А.Қожабекова елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты және Абай Құнанбаевтың 175 жылыдығына орай қашықтықтан Абай өлеңдерімен бөлісті.

Проиграть видео

ВЕліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Осыған орай үстіміздегі жылдың атаулы даталары мен маңызды тəрбиелік іс-шараларда онлайн форматында өтілетін болады. Биыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл. Осы атаулы датаға орай білім ошағының оқытушылары студенттерге қашықтықтан "Абай оқулары" іс-шарасын ұйымдастырды.
#БІЗҮЙДЕМІЗ
#БІЗБІРГЕМІЗ

Жемқорлыққа қарсы тұру бұл еліміздегі басты мәселелердің бірі. Осы орайда Қазақстанның жалынды жастары жемқорлыққа қарсымыз ұранымен бір-біріне эстафета жолдауда. Бұл эстафета аясында оқу ордамыздың студенттері де тыс қалмай, өздерінің қарсы екендерін жеткізді. Яғни Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ЖТ-911 1-курс студенті, Әділхан Айгерім өз арнауын ұсынды.

«Көктем аруы-2020»

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында колледжішілік «Көктем аруы-2020» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан аруларымыз:
1. ТР-821 тобының студенті Куватбаева Мөлдір
2. ТӨ-911тобының студенті Маулан Алтынай
3. ЕТ-821тобының студенті Рустем Ақсауле
4. ЖТ-911тобының студенті Сейфуллақызы Алтынай–аталған студенттер төмендегі кезеңдер бойынша бақтарын сынады.
1-кезең. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады.
2-кезең. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3-кезең. «Анамның сүйікті асы»қатысушы аруларымыз өз қолдарынан шыққан ұлттық ас мәзірлерінің құрамын және қалай дайындағанын түсіндіреді.
4-кезең. «Білімді мыңды жығар» яғни сіздерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінен әртүрлі сұрақтар беріледі.
Әр кезеңнің арасында әділ қазылар алқасының бағалауымен бағаланып, жүлделі орындарға ие болған студенттер:
1. 100 ұпаймен «Көктем аруы-2020» номинациясын жеңіп алған ЕТ-821 тобының студенті Рүстем Ақсауле.
2. 92 ұпаймен «Инабатты ару» номинациясын алған Куватбаева Мөлдір ТР-821 тобының студенті.
3. 84 ұпаймен «Өнерлі ару» номинациясын алған Маулан Алтынай ТӨ-911 тобының студенті.
4. 73 ұпаймен «Сымбатты ару» номинациясын алған Сейфуллақызы Алтынай ЖТ-911 тобының студенті.
Жоғары да аталған байқауға қатысушы аруларымызды колледж директоры С.Адилбековтың мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

30.01.2020 жыл

 

Колледжішілік дәстүрлі «Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» атты спартакиада

2020 жылғы 28 қаңтар күні Жанкент спорт кешенінде білім ордасы оқытушыларының қатысуымен колледжішілік дәстүрлі «Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» атты спартакиада өтті.
Мәдени шараны Түлкібас агробизнес және саяхат колледж директоры С.Адилбеков құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Білім ордасының басшысы дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жолындағы жасалып жатқан іс-шаралардың әкімшілік тарапынан қашанда қолдау табатынын баса айтты. Одан кейін сөз кезегі Спартакиаданы ұйымдастырушы Қ.Аяпбергеновке беріліп, ол сайсқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырды.
«Cаналы ұрпақ-салауатты өмір салтымен» ұранын ұстанған колледж оқытушылары биылғы оқу жылы барысында осындай маңызды да пайдасы зор шаралардың бірқатарын өткізбекші болып жоспарлап отыр.
Спартакиаданың мақсаты:
1. Оқытушылар мен қызметкерлер арасында дене шынықтыру және спортты дәріптеу;
2. Спорттың ойын және қолданбалы түрлерін дәріптеу;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұқаралық ойын түрлерін дамыту;
4. Салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
5. Колледж қызметкерлері арасында қарым қатынасты нығайту, спортты дамыту
Спартакиадаға колледж оқытушылары мен қызметкерлерінен ішінен құрылған командалар, спорттың 6 түрінен бақтарын сынады.
Олар:
Кіші футбол, Арқан тарту, Волейбол, Тоғызқұмалақ, Шахмат, Кір тасы сияқты спорт түрлерінен сынға түті. Атап айтар болсақ
1-ші орынды «Жалпы білім беру» ПЦК төрағасы Л.Байсейтова
2-ші орынды «Әлеуметтік-экономикалық » ПЦК төрағасы Ф.Эшанкулова
3-ші орынды «Арнайы пәндер» ПЦК төрағасы Р.Нармаганбетова, «Кәсіптік оқыту» ПЦК төрағасы Н.Джумагулов Сондай-ақ үздік ойыншы атанып, колледж директоры С.Адилбековтың мадақтама қағаздарымен марапатталған оқытушылар:
М.Таскентбаев–кір тасы
Т. Қозтаев–арқан тарту
М. Күнжігітова–волейбол
И. Алишев–шахмат
Н. Исмайлов–футбол
И. Худайберген–футбол
Г. Абишева–тоғыз құмалақ
А. Утегенов–теннис

28.11.2019 жыл

«Пара-нәсіп болмайды»

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Д.Досанұлының төрағалығымен «Түлкібас-Ата» мешітінің бас иманы М.Серікпен «Пара-нәсіп болмайды» атты тақырыпта жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбиені нығайту бағытында колледж студентерімен кездесу ұйымдастырылды.

05.06.2019 жыл

ЖАНАШЫРЛЫҚҚА-ЖАН РИЗА! 

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 13-30 мамыр күндері аралығында «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өтті Акцияның басты мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Қайырымдылық акциясы аясында қол ұшын беріп көмек көрсетуге әрдайым дайын жүретін жандардың бірі: Қамқоршылық кеңес төрағасы, Т.Рысқұлов автопаркінің директоры Сексенбаев Қалмахан Мамытбекұлы, жеке кәсіпкер Маматаев Әуес Рысқұлбекұлы, Түлкібас аудандық мемлекеттік архив қызметкері Тұртаев Біржан Болатович, «Ақ- Бұлақ» шипажайының қызметкері, ата-ана Осантаева Айсұлу және колледж әкімшілігі мен қызметкерлері демеушілік жасап, әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсетті. Колледж студенттері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жүрекке әсер беретін, болашақ жастарға үлгі болатын қойылымдар көрсетіліп, жиналған қауымның көңілдерінен орын ала білді. Акциядан түскен қаржыға әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің отбасыларына азық-түлік түрінде берілді.
Бүгінгі – ұрпақ Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек акцияны ұйымдастыруға ұйытқы болған колледж басшысы С.Адилбековке, демеушілерге және қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Колледж бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан шын жүректен жасаған жомарттықтарыңыз үшін мың алғыс!

 

03.06.2019 жыл

 

«Ішкі туризмді дамыту» тақырыбында оқыту семинары 

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі базасында Түркістан облысының білім басқармасы 2018 жылғы 24 қазандағы № 283 бұйрығымен құрылған құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ішкі туризмді дамыту» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарға Түркістан облысы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Назарбеков.Р, Түркістан облысы әдістемелік орталықтың ТжКБ бөлімінің басшысы Калиева.Н және колледждің әлеуметтік серіктестері: «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Менлибеков.А, «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жуманова.Э, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Қарақұлов С, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түлкібас филиалының Туризм және рекреация инженері Керімбаев.Т, «ВЭПЭСОТ» ЖК және Түлкібас аудандық ұстаз жолының төрағасы Искаков.М, «Замир» қоғамдық бірлестігінің президенті Егенбердиев.Р және Түркістан облысы білім басқармасына қарасты колледждегі «Туризм» арнайы пән оқытушылары мен студенттері қатысты. Cонымен қатар семинардың 2-бөлімінде «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Балықты елді мекенінде орналасқан Қарабастау көлінің демалыс аумағында «Спорттық туризмді дамыту» тақырыбында таныстыру, палатка құру, рюкзак құпиялары, бивуак, арқан бойымен жылжу, алғашқы медициналық көмек сайыстары бойынша колледжаралық жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1-орын ООЭТ “МИРАС” колледжі, 2-орын Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, 3-орын М. Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарын өз дәрежесіне сәйкес, колледж директоры С.Адилбеков құттықтап, мадақтама қағазымен марапаттады.

14.05.2019 жыл

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттері арасында жаппай «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында бірыңғай тәрбиелік мақсатта іс-шара өтті. Академиялық адалдық — жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы болып табылады. Жобаның басты мақсаты – жағымды моральдік қасиеттер, ішкі парасаттылық және адалдыққа тәрбиелеу арқылы жалпы сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оның көріністеріне қарсы күшті қалыптастыру болып табылады. Кездесу соңында колледж директоры С.Адилбеков «Өзіміз тәрбиелеп отырған жас ұрпаққа осы қасиеттерді «рухани азық» қылып үйретсек, біз ештеңеден ұтылмаймыз» — деп қорытындылады.

         

 

06.05.2019 жыл

«ЕШКІМДЕ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!»

9-мамыр Жеңіс күні және 7-мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Ешкімде де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тақырыппен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету мақсатында ұйымдастырылған бұл мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында колледж директоры С.Адилбеков ұжымды және студенттерді айтулы мерекемен құттықтады. Студенттердің «Жеңіс күні» мерекесіне арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көріністер қойылды.

29.04.2019 жыл 

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде сәуір айының 25-26-шы күндері Түлкібас ауданында орналасқан мектептердің бітіруші сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға М.В.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы, А.С.Пушкин және Б.Садыков атындағы жалпы орта мектептерінің бітіруші сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушыларына колледж тарихынан сыр шертетін тарихи бейнероликтер мен колледждің жетістіктері көрсетілді. Кәсіптік білімнің жаңа заманда сұранысқа ие болып келе жатқандығы туралы айтылып, заман талабын қанағаттандыратын маман иесі болуды армандайтын жастарға бағыт-бағдар көрсетіліп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берілді. Колледжіміздің заманауи жабдықталған оқу-кабинеттері мен спорт залы, техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңартылған мазмұнда білім беру үрдісі келушілерге ерекше әсер қалдырды.

              

08.03.2019 жыл

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Колледж директоры С.Адилбеков барша нәзік жанды аруларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. 
Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік іс-шарада колелдж студенттері оқытушыларға өлең шумақтары мен әсем әндерін арнады.

«Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігі 

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі «Арнайы пәндер» циклдік комиссиясының ветеринария мамандығының оқытушылары «Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігі ұйымдастырды. «Менің кәсібім-ветеринар» атты онкүндігінде оқытушы С.Шариповтың ұйымдастыруымен «Мамандық тынысы» атты тақырыпта бейнеролик 1 курс студенттеріне, оқытушы А.Шалқаров «Ветеринария мамандығының ауыл шаруашылығындағы орны» атты 2,3 курс студенттер арасында дебат пікірталас ойыны, арнайы пән оқытушылары «Қуат» шаруа қожалығы қосалқы шаруашылығында ұсақ малдарға,ірі қара мал,жылқы түліктерін жалпы клиникалық тексеру (температура өлшеу, қарау бақылау, аускультация, перкусия, пальпация) әдістерін үйретті, оқытушы А.Бишеев «Жұқпалы ауруды балау» атты тақырыбында 3 курс студенттеріне «Індеттану микробиологиясы» пәнінен ашық сабақ өткізді. Әлеуметтік серіктестіктермен «Түлкібас ауданының ветеринарлық қызметі» мекемесінде 1-курс студенттермен «Саяхат сабағы» өткізілді. Жас маман тақырыбында аудандық ветеринарлық қызмет көрсету мекемесінде қызмет істеп жатқан колледждің түлегі Е.Пайзулламен кездесу өткізілді.Негізгі мақсат студенттерді ветеринария мамандығына ынталандыру ветеринария станциясының жұмысымен таныстыру. Оқытушы Б.Байдилдаеваның ұйымдастыруымен Індеттану микробиологиясы және ІЖАКД пәндерінен 2,3 курс студенттер арасында «Ғажайып алаң» ойыны ойнатылды. Оқытушы А.Курпеева «Мүйізді ірі қара шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы,биологиялық ерекшеліктері» атты тақырыбында 2 курс студенттеріне «Мал шаруашылығы» пәнінен ашық сабақ өткізді.